01.07.2015, 13:18 8157

"Меніӊ ЭКСПО-2017 көрмесіне қосар үлесім" атты эссе байқауыныӊ жеӊімпаздары шетелде оқуға грант ұтып алды

1 шілде күні Оқушылар сарайында "Меніӊ ЭКСПО-2017 көрмесіне қосар үлесім. Меніӊ болашақ кәсібім аясында Қазақстан экономикасын "жасылдандырудыӊ" жолдары" атты эссе байқауында жеӊімпаз атанған мектеп пен колледждердіӊ 15 түлегін марапаттау салтанаты өтті.

Астана. 01 Шілде. Kazakhstan Today - 1 шілде күні Оқушылар сарайында "Меніӊ ЭКСПО-2017 көрмесіне қосар үлесім. Меніӊ болашақ кәсібім аясында Қазақстан экономикасын "жасылдандырудыӊ" жолдары" атты эссе байқауында жеӊімпаз атанған мектеп пен колледждердіӊ 15 түлегін марапаттау салтанаты өтті. Енді байқау жүлдегерлері Қытайдыӊ Тау-кен ісі және технологиялар университетініӊ студенттері атанып, сондай-ақ, "Милан ЭКСПО-2015" Халықаралық көрмесіне барып қайтуға мүмкіндік алып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Байқауды "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ және "MyChina" Білім беру орталығы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе ұйымдастырып, ағымдағы жылдыӊ 1 сәуірінен бастап 1 мамыры аралығында өткізді. Марапаттау салтанатына Парламент депутаттары, БҒМ, ҮЕҰ, бизнес өкілдері және еліміздіӊ жетекші жоғарғы оқу орындарыныӊ студенттері қатысты. Байқау жеӊімпаздары Қытайда оқуға арналған грантты жеӊіп, стендшілер ретінде Миландағы ЭКСПО-2015 көрмесіне қатысуға шақыру алды.

Байқау ұйымдастырушылары бір ай ішінде 2000-ға жуық мектепті аралап шығып, expo-mychina.kz сайтына 17000-нан аса адамды тарта алды. Байқауға 654 өтінім жіберілді, оныӊ талаптарына жауап беретін 455 жұмыс пен өтінім іріктеп алынды. Байқауға қатысқан аймақтардыӊ георгафиясы да кеӊ болды: Астана мен Алматыдан бастап, ШҚО-дағы Тасқала, Қарағанды облысындағы Тассуат, Солтүстік Қазақстан облысындағы Явленка секілді кішкентай ауылдарға дейін 76 елдімекенде тұратын оқушылар байқауға өз эсселерін жіберді.

Қазақстандағы мектептер мен колледждердіӊ түлектері келесі тақырыптардыӊ біріне қатысты өз эсселерін жіберуі тиіс болды: "ЭКСПО көрмесін өткізудіӊ меніӊ елім үшін маӊызы", "Жасыл" технологиялардыӊ қазіргі заманғы әлем үшін маӊызы" немесе "Меніӊ кәсібім және Қазақстанныӊ индустриалды-инновациялық дамуына меніӊ қосар үлесім".

Байқау комиссиясы екі апта бойы жұмыстарды қарап, қатысушылардыӊ эссе тақырыбын қаншалықты тереӊ әрі нақты ашып көрсете алғанына баға берді. Жеӊімпаздар қатарында мектептегі түрлі пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардыӊ жүлдегерлері, шығармашылық байқаулардыӊ лауреаттары, ғылыми жобалардыӊ авторлары болды, іріктеу кезінде байқау қатысушыларыныӊ осындай жетістіктеріне де айтарлықтай мән берілді.

"Өзімніӊ эссемде мен болашақтағы баламалы энергетиканы дамыту ісінде ақпараттық технологиялардыӊ алар орнына басты назар аудардым. Баламалы энергия көздері және ақпараттық технологиялар әлемдік экономика мен энергетикалық өнеркәсіпті дамудыӊ жаӊа кезеӊіне шығарып отырған қозғалтқышқа айналуда. Сондықтан еліміздіӊ экономикасын дамыту үшін жастарды осы салаларға оқытуға үлкен мән беру қажет деп есептеймін. "Меніӊ ЭКСПО-2017 көрмесіне қосар үлесім" эссе байқауы секілді іс-шаралар осыған өз септігін тигізуде", - деп атап өтті өз сөзінде байқау жеӊімпаздарыныӊ бірі болып табылатын Орал қаласыныӊ оқушысы, республикалық олимпиадалардыӊ жүлдегері Алина Қожамұратова.

Жалпы еӊ үздік деген 15 жұмыс іріктеп алынып, эссені жазған он оқушыға Қытайдыӊ Тау-кен ісі және технологиялар университетінде оқуға грант беріліп, бес қатысушы Миландағы ЭКСПО көрмесіне жолдама алды. Сондай-ақ, салтанатты марапаттау рәсіміне серіктес болған "Транстелеком" АҚ компаниясы қатысушыларға естелік сыйлықтар берді.

Оқу грантын ұтып алған жеӊімпаздардыӊ ішінде математика мен Қазақстан тарихы бойынша республикалық олимпиадалардыӊ жүлдегері, халықаралық сурет салу байқауларыныӊ лауреаты, Павлодар қаласыныӊ №42 мектебініӊ түлегі Осипова Ирина да бар. Ирина өзініӊ шығармасында 2017 жылғы ЭКСПО көрмесіне ол қандай үлес қоса алатынын баяндап жазды.

"Шығармамды бір ай бойы жаздым. Меніӊ жұмысымда еліміздіӊ өмірініӊ түрлі тұстары және оныӊ дамуына қатысты мәселелер көтерілді. Мен болашақ сәулетші ретіндегі кәсібім аясында Қазақстан экономикасын "жасылдандыру" үшін көптеген мүмкіндіктер бар екенін байқадым. Жасыл технологияларды халықтыӊ көпшілігіне қолжетімді ету, қазіргі қалаларды жасылдандыру, экология жағдайын жақсарту, жаӊа қалаларды салып, осылайша еліміздіӊ "жасыл экономикасын" дамыту осындай мүмкіндіктердіӊ бірі болып табылады", - деп атап өтті байқау жеӊімпазы.

Байқау "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясыныӊ ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе іске қосқан оқушыларға арналған білім беру жобаларыныӊ топтамасы аясында өткенін еске салып өткіміз келеді. Атап айтқанда, елорда оқушылары мен студенттері арасында "ЭКСПО-2017" Кубогы үшін пікірсайыстар өткізілетін болады. Ал осы жылдыӊ қыркүйегінде Қазақстандағы балалар мен жастардыӊ ғылыми-техникалық шығармашылығына арналған республикалық байқау басталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны