26.05.2017, 15:44 4958

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсыныӊ бірінші кезеӊінде Қызылорда қаласынан Балмахановтар отбасы жеӊімпаз болды

Балмахановтар отбасы Ақсуат ауылыныӊ тумалары. Отағасы Ерғали Балмаханов өмір бойы медицина саласында еӊбек етіп, халықтыӊ саулығын қорғап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосқан маман. Тасбөгет кентінде туберкулезге қарсы диспансердіӊ бас дәрігері қызметін абыроймен атқарған.

Қызылорда. 26 мамыр. Kazakhstan Today - "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы Қызылорда қалалық бірінші кезеӊініӊ жеӊімпаздары Балмахановтар отбасы болды. Бұл байқау қазір шынында бүкілхалықтық мерекеге айналып отыр.

Балмахановтар отбасы Ақсуат ауылыныӊ тумалары. Отағасы Ерғали Балмаханов өмір бойы медицина саласында еӊбек етіп, халықтыӊ саулығын қорғап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосқан маман. Тасбөгет кентінде туберкулезге қарсы диспансердіӊ бас дәрігері қызметін абыроймен атқарған.

Жұбайы Бақыт Ибішева. Ол да медицина саласында қызмет етті. "Алтын дәрігер" атағыныӊ иегері.

Осындай өнегелі, үлгілі отбасында 4 бала 9 немере өсіріп, тәрбиеленіп келеді. Балаларыныӊ барлығы жоғарғы оқу орнын мемлекеттік грант негізінде бітірген. Ир түрлі саланыӊ мамандары. Бір қыздары облыс әкімініӊ стипендиаты. Ата-анасыныӊ ізін жалғап келеді. Бала дәрігері болып жұмыс жасауда.

Балмахановтар ұрпақтарына өнегелі тәрбие беріп отырған бақытты отбасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны