13.02.2015, 21:55 4353

«Металлдар нарығындағы баға төмендеуі қысқа мерзімді құбылыс» - Ильсур Даутов, «Шығыстүстімет» ЖШС Басқарма Төрағасы

Шикізат тауарларыныӊ, оныӊ ішінде мыстыӊ бағасы төмендеп жатқан кезде "Шығыстүстімет" ЖШС-де (KAZ Minerals Тобыныӊ құрамына кіреді) өзге таукен компаниялары сияқты шығындарды бақылауды күшейді

Астана. 13 ақпан. Kazakhstan Today - Шикізат тауарларыныӊ, оныӊ ішінде мыстыӊ бағасы төмендеп жатқан кезде "Шығыстүстімет" ЖШС-де (KAZ Minerals Тобыныӊ құрамына кіреді) өзге таукен компаниялары сияқты шығындарды бақылауды күшейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Дегенмен компанияда бірнеше жылдан бері өндірістіӊ өзіндік құнын оӊтайландыру қолға алынғанын айта кету қажет. Еӊ алдымен таукен жұмыстары қайта қаралып, шығын материалдарын пайдалануды бақылауға алынды, сатып алулар орталықтандырылды. Кәсіпорындардыӊ өндірісін арттыру және дайын өнімніӊ өзіндік құнын азайту бағытында Николаев кен байыту фабрикасында жаӊғырту жұмыстары жүргізілуде, Белоусов кен байыту фабрикасында жаӊа жабдықтар орнатылды, бірқатар кеніштерге арналған жаӊа техника сатып алынды.

Изірге компанияда үнемдеу жарияланды. Біз тек өндіріске және оныӊ өнімділігі мен тиімділігін арттыруға тікелей байланысты жобаларға көӊіл аударып отырмыз.

Қолданылып отырған шаралар жұмысшылардыӊ мүдделерін бұрмаламайды. Қазіргі уақытта қызметкерлер санын қысқарту, еӊбек шартын өзгерту, еӊбекақыны қысқарту немесе толық емес еӊбек аптасына көшу жоспарланып отырған жоқ.

Біздіӊ ойымызша металлдар нарығындағы баға төмендеуі қысқа мерзімді құбылыс. Бұл орайда, біз үшін облыстыӊ Шемонаиха ауданындағы Артемьев кенішініӊ екінші кезегін салу, Аягөз ауданындағы Ақтоғай кенішін іске қосу басым бағыттардыӊ бірі болып табылады.

Ильсур Даутов, "Шығыстүстімет" ЖШС Басқарма Төрағасы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны