25.03.2011, 17:34 4370

Мьянмада болған жер сілкінісі құрбандарының саны 60 адамға жетті

Мьянмада болған жер сілкінісінің құрбандарының саны 60 адамға, жараланғандар саны 100 адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 25 - наурыз. Kazakhstan Today - Мьянмада болған жер сілкінісінің құрбандарының саны 60 адамға, жараланғандар саны 100 адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қаза тапқандар саны сағат санап өсуде,- деп атап өтті билік өкілдері. Жер сілкінісінің кіндігінде 300 жуық ғимарат қираған",- деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Естеріңізге сала кетсек, Мьянма мемлекетінің солтүстік-шығысында орын алған жер сілкінісінің бірінің күші Рихтер бағамымен 7 балға жеткен болатын.

Ал Таиландта да күші 6,9 баллға жеткен жер асты дүмпуі тіркелген.

Зілзала ошағы Таиландағы Чианграй қаласынан солтүстікке 110 шақырым қашықтықта болған. Алғашқы жер сілкінісі 10 шақырым тереңдікте, ал екіншісі 228 шақырым тереңдікте тіркелді. Цунами соғу қауіпі жоқ.

Чианграй қаласының әкімшілігі зілзаладан ғимараттар қирағанын және бір әйелдің қаза болғанын хабарлады. Мьянма өкіметінің алғашқы мәліметтері бойынша, елде 20-дан аса адам қаза тапқан. Жер сілкінісі "алтын үшбұрыш" деп аталатын халық аз тұратын географиялық аймақта болған. Алайда жер асты дүмпулері Таиланд астанасы Бангкокта да сезіліпті.

Зілзаланың қайталануынан үрейленген халық көшелерге шыққан. Өкімет биік ғимараттарда тұратын адамдарға үйлерінен кетуге нұсқау берген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны