10.07.2015, 15:28 8956

"Мүлдем төзбеушілік" қағидасы қоғам тыныштығын сақтайды

Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасы аумағында "Құқықбұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік" кеӊ ауқымды акциясы өтті

Қарағанды. 10 Шілде. Kazakhstan Today - Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасы аумағында "Құқықбұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік" кеӊ ауқымды акциясы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шара барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердіӊ темір жол бойындағы белгіленбеген жерлерден өтуініӊ, жарақат алуыныӊ, жолаушылар пойызын шұғыл тежеу және терезе сындырудыӊ, қаӊғыбастық пен панасыздықтыӊ, сондай-ақ, темір жол вокзалындағы ұсақ құқық бұзушылықтыӊ алдын алу, балалар жарақатын болдырмау сынды жұмыстар жүргізілді.

"Құқықбұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік" кеӊ ауқымды акциясыныӊ аясында 21 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардыӊ ішінде, ИҚБ туралы ҚРК 434 бабы бойынша (ұсақ құқық бұзушылық) - 1, 440 бабы 1 б. бойынша (ішімдік ішу) - 2, 441бабы 1 б. бойынша (темекі шегуге тиым салуды бұзу) -1, 559 бабы 5 б. бойынша (темір жол бойындағы белгіленбеген жерлерден өту) -17 факті.

Акция барысында теміржол вокзалыныӊ ғимаратында дауыс күшейткіш құрылғысы арқылы әкімшілік құқық бұзушылықтыӊ жауапкершілігі туралы түсіндірілді. Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖБ қыметкерлері мен Қарағанды қаласы вокзалыныӊ әкімшілігі "мүлдем төзбеушілік" принципі тақырыбындағы ескертпе қағаздар мен буклеттер таратты.

Аталған жұмыстар әлі де жалғасын табуда.

Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖБ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны