21.01.2015, 20:46 3951

Мүлікті жария ету жөнінде 2015 жылғы 19 қаӊтардағы жағдай бойынша

1-Н есептіӊ 2015 жылғы 19 қаӊтардағы деректері бойынша "Мүлікті жария еткені үшін алым" 206110 коды бойынша бюджетке нақты 350,5 млн. теӊге түсті.

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР аумақтарындағы орналасқан мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдарыныӊ жанындағы комиссияларға жалпы сомасы 134,0 млрд. теӊгеніӊ мүлкін жария етуге 17 536 өтініштер келіп түсті:

- 98,0 млрд. теӊге сомасында 13 983 тұрғын жай объектілері;

- 34,5 млрд. теӊге сомасында 7 955 тұрғын жай емес объектілер, оныӊ ішінде 21,1 млрд. теӊге сомасында 1 696 коммерциялық объектілер;

- 0,7 млрд. теӊге сомасында заӊды тұлғалардағы 13 қатысу үлестері;

- 0,8 млрд. теӊге сомасында бағалы қағаздар.

50,7 млрд. теӊге сомасындағы 8 897 объекті жария етілді.

ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлікті жария ету бойынша 2015 жылғы 19 қаӊтардағы жағдай бойынша салық органдарына тұрғын жай объектілері бойынша 108,7 млн. теӊге сомасында 2 өтініш келіп түсті, 108,7 млн. теӊге сомасында 2 объекті жария етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ есеп деректері бойынша 2015 жылғы 19 қаӊтардағы жағдай бойынша екінші деӊгейдегі банктерде ақшаны жария етуге байланысты ашылған 51 жинақ шоттарына жалпы сомасы 9,6 млрд. теӊге түскен, оныӊ ішінде жинақ шоттарынан 3,1 млрд. теӊге алынған, ақшаны жария еткені үшін 339,6 млн. теӊге бюджетке алым төленген. ҚР экономикасына 2.9 млрд. теӊге инвестиция салынды.

1-Н есептіӊ 2015 жылғы 19 қаӊтардағы деректері бойынша "Мүлікті жария еткені үшін алым" 206110 коды бойынша бюджетке нақты 350,5 млн. теӊге түсті.

ҚР Қаржы министрлігініӊ МКК баспасөз-қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны