05.06.2009, 14:30 6334

Мұнай өндіру тоқтатылмаған жағдайда Каспий жойылып кетеді - сарапшы

"Біздің елімізде ғаламдық экологиялық проблемалар бар, бұл - Каспий, жыл сайын онда итбалықтар жаппай қырылады. Біз сараптама жасау арқылы мұнай өндіруді тоқтату керек деген тұжырымға келіп отырмыз, олай болмағанда Каспийді құртып аламыз. Арал проблемасы да ғаламдық сипатта. Аралдың тұзы Тянь-Шаньға дейін жетіп, ондағы мұздақтардың одан бетер ери түсуіне алып келуде",-деді М. Елеусізов.

Астана. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Каспий өңірінде мұнай өндіру тоқтатылмаған жағдайда Каспий жойылып кетеді. Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде "Табиғат" экологиялық қозғалысының төрағасы Мэлс Елеусізов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біздің елімізде ғаламдық экологиялық проблемалар бар, бұл - Каспий, жыл сайын онда итбалықтар жаппай қырылады. Біз сараптама жасау арқылы мұнай өндіруді тоқтату керек деген тұжырымға келіп отырмыз, олай болмағанда Каспийді құртып аламыз", - деді М. Елеусізов.

Онын атап көрсеткінше, "Арал проблемасы да ғаламдық сипатта. Аралдың тұзы Тянь-Шаньға дейін жетіп, ондағы мұздақтардың одан бетер ери түсуіне алып келуде".

"Қазір Балхаш көлінің жағдайы да оңып түрған жоқ. Бұл тез арада буланып жоғалуы мүмкін үлкен "шалшыққа" айналып барады, ондай жағдайда орасан шығын келеді, өйткені, Балхаш бассейнінде үш миллионнан астам адам тұрады", -деді эколог.

М. Елеусізовтың пікірінше, "қазір Қазақстанға төніп тұрған ең үлкен қатер - күн райының жылына түсуі болмақ. Біз қазірдің өзінде тауларымыздағы мұздақтардың үштен бір бөлігінен айрылдық, ал бұл - Қазақстанның келешекте мүлдем судан мақұрым қалу қаупін білдіреді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны