27.01.2020, 17:49 5120

Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы әкімдігі "Біз біргеміз" челленджін қабыл алды

Белсенді қызметкерлер елорда жастары бастаған челленджді қостап, #БізБіргеміз хештегімен өзге де мекемелерді науқанға қатысуға шақырды.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы әкімдігі "Біз біргеміз" челленджін қабыл алды.

Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы әкімдігінің қызметкерлері қала тұрғындары және қызмет көрсетуші ұйыммен бірге "Біз біргеміз" челленджі аясында Мұстафин көшесіндегі аулалық аумақты қардан тазалады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Белсенді қызметкерлер елорда жастары бастаған челленджді қостап, #БізБіргеміз хештегімен өзге де мекемелерді науқанға қатысуға шақырды.

Аталмыш шара елорда көшелерін қардан тазартуға және коммуналдық қызмет жұмысшыларына қолдау көрсетуге бағытталған. Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында бастаманың волонтерлер жылына сай екендігін атап өтіп, #БізБіргеміз хештегімен видео жариялау ұсынысын қолдайтындығын білдірді. Айта кетсек, елорда еріктілерін алғаш қолдағандар қатарында белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай , "Назар аудар" театрының әртістері болды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны