01.07.2019, 23:43 9292

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті интернет-алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткені туралы хабарлайды

Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, азаматтарға ақша айналдыруды ұсынатын жалған парақшалардың авторларын анықтау бойынша қажетті шаралар қабылдауда.

Нұр-Сұлтан. 1 шілде. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті интернет-алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткені туралы хабарлайды. Солардың ішіндегі кеңінен таралғандардың бірі - спорттық ұтыстарға ақша айналдыру болып отыр.

Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, азаматтарға ақша айналдыруды ұсынатын жалған парақшалардың авторларын анықтау бойынша қажетті шаралар қабылдауда.

Осылайша, елордалық криминалдық полиция қызметкерлері ағымдағы жылғы 18 маусымда Алматы қаласында интернет желісін пайдаланушы Астана қаласының тұрғынына қатысты алаяқтық жасаған Алматы қаласы колледжінің студентін ұстаған.

Ол instagram әлеуметтік желісінде спорттық ұтыстарға ақша айналдыру туралы хабарландыру орналастырылған жалған парақша ашқан. Парақшаны тартымды ету үшін оған ақша купюраларының бейнелері бар әдемі суреттерді орналастырған. Шынайылық үшін жәбірленушілердің бірінің жеке куәлігінің суретін орналастырған.

Оны дауысынан танып қоймас үшін жас жігіт сылтау ойлап тауып, хат алмасуды тек қана WhatsApp мессенджері арқылы жүргізген. Хат алмасу барысында жалған ұтыстарға қызықтырып, 100%-ға ақша айналдыру ұтысын уәде еткен және бір күндік киви-әмиянға белгілі соманы аударуға көндірген. Ақшаны аударғаннан кейін аккаунтты бұғаттап, мобильді телефонын сөндіріп тастаған.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының полициясы Интернет желісінде Банктегі байланыстарының көмегімен кез-келген сомаға несие ресімдеуге делдалдық қызмет ұсынып жүрген алаяқтар туралы ескертеді. Қаржы ұйымдарына ешқандай қатысы болмаса да алаяқтар www.olx.kz сайтында хабарландыру орналастырып, онда нашар несие тарихы бар азаматтарға банктен несие ресімдеуге көмек көрсетемін деп уәде береді. Сақтандыру қызметін желеу қылып киви-әмиянға ақша қаражатын аударуды талап етеді, ақша аударғаннан кейін хабарландыруды алып тастап, абоненттік нөмірді жойып жібереді.

Полицейлер азаматтарға кредит алу үшін міндетті түрде қаржы ұйымының өзіне жүгінуге кеңес береді.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД интернет-пайдаланушыларына қырағылық танытып, интернет-алаяқтарының құрығына түсіп қалмауды ұсынады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны