18.09.2009, 18:08 3262

Наркологиялық диспансерде өрттің тез таралуына әрлеу материалдары түрткі болған - ТЖМ

Наркологиялық диспансерде өрттің тез таралуына әрлеу материалдары түрткі болған - ТЖМ

Талдықорған. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде өрттің тез таралуына әрлеу материалдары түрткі болған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы күрес қызметі комитетінің төрағасы Серәк Иубәкіров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жалын минутына 2 метр жылдамдықпен таралған. 15 - 20 минуттың ішінде түк қалмай жанып кетті", - деді С. Иубәкіров.

Оның айтуынша, "жалынның тез таралуына ғимараттың қабырғаларын әрлеуде пайдаланылған жанғыш материалдар түрткі болған". Ал ғимараттың өзі каркасты қамыстан тұрғызылғанын айта кетейік.

Сондай-ақ, С. Иубәкіровтың хабарлауынша, өрт алдымен фойеде шыққан, осы жер темекі шегуге арналған болатын. Өрт сөндіру кезіндегі күш-құралдарды жұмылдыру схемасына сәйкес, жалын алдымен фойеде тұтанып, одан әрі палаталарға қарай ден қойған. Өрт сөндірушілердің хабарлауынша, 21 адам асханада, 8 адам - №2 палатада қаза тапқан. Сондай-ақ, изоляторда қаза тапқан бір адам табылды.

Комитет төрағасының айтуынша, адамдарды құтқаруға терезедегі тор кедергі келтірген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алдын-ала мәліметке сәйкес, Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде өрт шығуына жылытқыш аспап немесе шылым себеп болуы ықтимал, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ІІМ мен ТЖМ-нің жедел тергеу тобы өрт-техникалық сараптама жүргізіп, оқыс оқиға орнын тексеріп шықты. Алдын-ала мәліметке сәйкес, өрттің шығуына шағын қуатты жалын көзі түрткі болған. Тергеудің жорамалы бойынша бұлар жылытатын аспап немесе шылым болуы да мүмкін. Өрт ошағы диспансердің фойесінде болған.

"ХХ ғасырдың 50-ші жылдары бұл ғимарат каркасты қамыстан тұрғызылған. Осы жайт өрттің тез таралуына себеп болған. Қасақана өрт жіберу және тоқтың қысқаша тұйықталуының белгілері табылған жоқ. Жүзеге асырылған сот- гистологиялық және токсикалық-химиялық сараптамалар көрсеткендей, адамдардың қазасына көмірқышқыл газынан улану себеп болған. Қаза тапқандардың барлығына жасалған алкоголь тестісі кері нәтиже берді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны