14.09.2012, 19:20 3625

"Назарбаев Университетінде" жүрек ауруларын емдеуге арналған нано-капсулалар жасалуда - баспасөз баяны

"Назарбаев Университетінде" коллатералогенез үрдісін инициализациялау үшін жіңгек жасушаларының нәрлі өнімі бар нано- және микроқұрылымдық полимерлер алу жөніндегі жоба жүзеге асырылуда. Бұл жоба діңгек жасушаларын қолдана отырып, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жасауға мүмкіндік береді.

"Назарбаев Университетінде" жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің жаңа әдісі зерттелуде.

"Назарбаев Университетінде" коллатералогенез үрдісін инициализациялау үшін жіңгек жасушаларының нәрлі өнімі бар нано- және микроқұрылымдық полимерлер алу жөніндегі жоба жүзеге асырылуда. Бұл жоба діңгек жасушаларын қолдана отырып, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жасауға мүмкіндік береді.

Яғни, құрамына діңгекті жасушалардың түзілетін өнімдері қосылған нано- және мирокапсулалы құрылымдарға негізделген дәрі-дәрмектер жасалады.

Бұл жобаның ерекшелігі сол, ол діңгекті жасушаларға, олардан алынған васкуляризация факторларына (жаңа қан түзу тамырлары) негізделеді. Яғни, нано-капсулалар коллатерогенез үшін қажетті діңгекті жасушалар түзетін факторлардан тұрады.

Жобаның арқасында тиімді дәрі-дәрмектеп жасау және жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту мүмкін болады. Бұл жоба "Назарбаев Университетінің" Пәнаралық аспаптық орталығында іске асырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны