23.01.2012, 15:51 3372

Нейрохирургиялық және кардиохирургиялық операцияларды енді Қазақстанның аймақтарында жасайтын болады

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) көрсету 2011 жылы аймақтық стационарларда да 2010 жылмен салыстырғанда 40% өсіп 66-ға жетті.

Астана. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Нейрохирургиялық және кардиохирургиялық операцияларды енді Қазақстанның аймақтарында жасайтын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) көрсету 2011 жылы аймақтық стационарларда да 2010 жылмен салыстырғанда 40% өсіп 66-ға жетті.

Бұл туралы осы кәсіпорынның медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру департаментіне сілтеме жасап "Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы" РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұрын мұндай көмекті тек республикалық клиникалар ғана көрсететін еді, деп хабарланған. Сонымен қатар 2010 жылмен салыстырғанда ЖММК енгізілген технологиялар 3,5 есе өсті. Және бұл өсім негізінен аймақтар есебінен өсіп отыр. Сондай-ақ, өткен жылдың қорытындылары бойынша, аймақтар деңгейінде 123 технологиялық трансферт жүзеге асырылған. Олардың қатарында нейрохирургиялық және кардиохирургиялық операциялар, жарақат пен зардап шеккенде жасалатын, қан тамырларына жасалатын, тағы басқа операциялар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны