10.08.2015, 13:03 3437

Неміс велосипедші ЭКСПО-2017 көрме кешенін көруге келді

Энергиямен жабдықтау, орталықтан жылыту және телекоммуникациялар саласындағы "жасыл" технологиялармен айналысатын RTS неміс компаниясыныӊ қызметкері Фолькер Штюве ЭКСПО-2017 құрылыс алаӊына сапармен келді. Шілденіӊ басында ол туған қаласы Билефельдтен (Германия) шығып, Астанаға дейінгі 5200 шақырымдық жолды жарыс велосипедімен жүріп өтті

Астана. 10 Тамыз. Kazakhstan Today - Энергиямен жабдықтау, орталықтан жылыту және телекоммуникациялар саласындағы "жасыл" технологиялармен айналысатын RTS неміс компаниясыныӊ қызметкері Фолькер Штюве ЭКСПО-2017 құрылыс алаӊына сапармен келді. Шілденіӊ басында ол туған қаласы Билефельдтен (Германия) шығып, Астанаға дейінгі 5200 шақырымдық жолды жарыс велосипедімен жүріп өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Фолькер Штюве ЭКСПО-2017 көрмесініӊ салынып жатқан нысандарымен танысып, көрме тақырыбы "Болашақ энергиясы" туралы көбірек мағлұмат алу үшін осы саяхатқа шығуға бел буды. 40 күнге созылған өзініӊ саяхатын велосипедші 4 шілде күні RTS компаниясыныӊ Билефельдтегі штаб-пәтерінен бастап, Балтық елдері, Ресей мен Қазақстанныӊ аумағын жарыс велосипеді көмегімен жүріп өтті. Веложарыстыӊ соӊғы 100 шақырымында Штювеге оныӊ әріптесі, RTS компаниясыныӊ басшысы Дирк Шаумбург қосылды. Велосипедшілер "Екатеринбург-Астана" тасжолында оларды қарсы алған велошабандоздар делегациясымен бірге құрылыс алаӊына жетті.

"Біз сізді ЭКСПО-2017 аумағында қарсы алып отырғанымызға қуаныштымыз. Сіз экологиялық таза көлік және жасыл технологиялар дәуірі басталғаныныӊ жарқын үлгісін көрсетіп отырсыз және де ЭКСПО-2017 көрмесі тәжірибе алмасу мен инновациялық жетістіктерді көрсетуге арналған жаһандық алаӊға айналатын болады", - деп атап өтті "Астана ЭКСПО-2017" ҰК өкілі Сәуле Бөлебаева.

Құрылыс алаӊында Ф.Штювеге құрылыс қарқыны туралы мағлұмат беріліп, көрменіӊ негізгі нысандарына экскурсия өткізіліп, естелік сыйлықтар табысталды.

"Жылы қарсы алып, экскурсия өткізгендеріӊіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Қазірдіӊ өзінде ЭКСПО-2017 жобасы өзініӊ ауқымымен және мақсаты биік жоспарларымен таӊқалдыруда. Сондықтан маған нысандарды 2017 жылы салынып біткен күйде көру аса қызықты болып отыр. Үлкен жұмыс атқарылуда, алда атқарар қыруар шаруа тұр, алайда мен оныӊ нәтижесі күткеннен де асып түсетініне сенімдімін. Құрылыс алаӊымен танысқаннан кейін, мен Қазақстанныӊ құрылыс барысында энергия тиімділігіне және экологиялық таза өнім мен технологияларды қолдануға үлкен көӊіл бөліп отырғанына көз жеткіздім. 2017 жылы Астанаға отбасымен бірге келемін", - деді Ф.Штюве.

ЭКСПО-2017 көрмесі "Болашақ энергиясы" ұранымен өткізіліп отырғандықтан, Ф. Штюве веложарыс экологиялық таза технологияларды қолдануға оныӊ жеке өзініӊ қосып отырған үлесі деп есептейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны