19.10.2016, 19:39 4502

"Нұр отан" партиясы созақ аудандық филиалыныӊ кезекті ХХҮІ конференциясы өтті

Конференцияға аудандық партия филиалына қарасты 15 бастауыш партия ұйымынан сайланған делегаттар, атқарушы және өкілетті билік өкілдері, құқық қорғау мекемелерініӊ басшылары, саяси партия, қоғамдық ұйым жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Шымкент. 19 қазан. Kazakhstan Today - Кеше "Нұр Отан" партиясы Созақ аудандық филиалыныӊ кезекті ХХVІ есеп беру - сайлау конференциясы өтті, деп хабарлайды аудан әкімініӊ баспасөз қызметі.

Конференцияға аудандық партия филиалына қарасты 15 бастауыш партия ұйымынан сайланған делегаттар, атқарушы және өкілетті билік өкілдері, құқық қорғау мекемелерініӊ басшылары, саяси партия, қоғамдық ұйым жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция төралқасына "Нұр Отан" партиясы Созақ аудандық филиалыныӊ төрағасы, аудан әкімі М.Исаев, Партияныӊ облыстық филиалы партиялық жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау бөлімініӊ меӊгерушісі Е.Бертаев, аудандық мәслихаттыӊ хатшысы Б.Байғараев, аудандық партия филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Р.Илжанов сайланып, конференция жұмысын жүргізіп отырды. Делегаттардыӊ дауыс беруімен конференцияныӊ жұмысшы органдары сайланды.

Мұнан соӊ күн тәртібіндегі бірінші мәселе - аудандық партия филиалы Саяси Кеӊесініӊ 2015-2016 жылдары атқарған жұмыстары туралы аудандық партия филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Р.Илжанов баяндама жасады. Баяндаманы талқылауға Созақ аудандық мәслихатындағы "Нұр Отан" партиясы фракциясы жетекшісі Жанұзақов Сатыбалды Қуандықұлы, "Созақ үні" газетініӊ жауапты хатшысы Қарғабай Мақсат Жеӊісұлы, Созақ аудандық "Жастар резервтік орталығыныӊ" әдіскері Саржанов Біржанға сөз беріліп, өз ойларын ортаға салды.

Мұнан кейінгі мәселелер - аудандық партия филиалы Саяси Кеӊесініӊ құрамын сайлау және облыстық партия филиалыныӊ кезекті есеп беру - сайлау конференциясына делегаттар сайлау бойынша ұсынылған партия мүшелерініӊ кандидатуралары бірауыздан қабылданды.

Мұнан соӊ "Нұр Отан" партиясыныӊ стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда белсенділік танытып жүрген бірқатар азаматтарға Партияныӊ облыстық филиалыныӊ "Алғыс хаттары" тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны