06.02.2007, 13:17 3254

Нұрбанктің Алматыдағы кеңсесіне шабуыл жасау дерегін қаржы полициясы тексеруде - газет

Нұрбанктің Алматыдағы кеңсесіне шабуыл жасау дерегін қаржы полициясы тексеруде - газет

АЛМАТЫ. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Нұрбанктің Алматыдағы бас кеңсесіне шабуыл жасау дерегін қаржы полициясы тексеруде, деп хабарлайды агенттік "Газета.kz" апталығына сілтеме жасап.

"Қазір болған оқиғаның егжей-тегжейін Алматы қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі департаменті тексеруде", деп жазады басылым.

"Нұрбанк" АҚ басқармаларының төрайымы Гүлмира Жұмаділдаеваның атпалыққа хабарлауынша, банк басшылығы тергеушілермен ынтымақтаса жұмыс істеуде. "Дәл қазір қарақшылық шабуылдың артында кім тұрғанын тап басып айту әлі де ерте, алайда біздің қазір кейбір негізді жорамалдарымыз бар",- деді Г.Жұмаділдаева басылымға.

Оның айтуынша, банк кеңсесіне шабуыл "өткен сәрсенбіде кешке сағат жеті жарым шамасында" жасалған. "Шабуылшылар - бес адам. Бұл - азаматтық киімі бар, қарулы адамдар. Олар "тексеруге келдік" деген желеумен несиелік құжаттарды иемденіп алуға тырысқан",- деді Г.Жұмаділдаева. Оның айтуынша, "шабуылшылар ешбір құжат көрсетпеген".

"Шабуыл банктің бұрынғы басшылығының жұмыс бөлмелеріндегі қаржылық құжаттар мен бағалы заттарды ұрлап әкету мақсатымен ұйымдастырылғанға ұқсайды",- деді банк басқармаларының төрайымы. "Бұл, өкінішке орай, банк саласындағы кеңінен таралған қылмыс түрі",- деді ол.

Г.Жұмаділдаева банктің күзет қызметінің қалтқысыз қызмет еткенін атап өтті. "Біз кез-келген күтпеген оқиғаға, соның ішінде, өткен аптадағы сияқты оқиғаларға да дайынбыз. Шабуылшылар санаулы секунд ішінде бейтараптандырылды",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 31-қаңтар, сәрсенбіде Достық көшесі ,38-үйде орналасқан Нұрбанктің кеңсесіне қарулы адамдар тобы шабуыл жасады. Банкке шабуыл жасағандар - Алматы қалалық ІІД-нің жедел әрекет етуші арнаулы тобының штаттағы қызметкерлері болып шықты. Қазіргі жағдаймен Алматы қалалық ІІД-нің бірнеше жоғары лауазымды қызметкері қамауға алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны