22.02.2008, 10:20 1345

Нұрлан Дәненов ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Нұрлан Дәненов ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Астана. 22-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Нұрлан Дәненов ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Дәненов Нұрлан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды", - деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Дәненов Нұрлан 1951 жылы дүниеге келген. 1978 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын, 1989 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген экономист, дипломат. 1993 - 1994 жылдары ҚР президентінің баспасөз хатшысы болып жұмыс істеген. 1994 жылы ҚР президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару жоғарғы мектебінің директоры қызметіне тағайындалған. 1995 жылдың ақпан айынан ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. Ал соңғы жылдары Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы және Испания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны