13.01.2018, 21:17 4850

Облыс әкімі Маӊғыстау ауданына қарасты ауылдарды дамытудыӊ негізгі мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды

Маӊғыстау ауданына қарасты ауылдарды аралаған облыс әкімі ауыз су, мал өнімдері мен жем-шөп, ауылды кеӊ жолақты интернетпен толық қамтамасыз ету, орталық пен ауыл арасындағы және ауыл ішілік жолдарды қалпына келтіру мәселелерін шешу арқылы ауылдарды дамытудыӊ негізгі мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды

Ақтау. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жаӊа жылды Мұнайлы ауданы мен ондағы ауылдарды аралаудан бастаған аймақ басшысыныӊ жұмыс сапары Маӊғыстау ауданында жалғасты. Ералы Тоғжанов Қызан ауылындағы 50 орындық дәрігерлік амбулатория, И. Жангелдин атындағы орта мектеп, 80 орындық "Балауса" балабақшасы, 50 орындық спорт кешені сынды бірқатар әлеуметтік маӊызы бар нысандардыӊ жұмысымен танысты.

Қазіргі таӊда Қызан ауылыныӊ халық саны 2052 адамға жетті. Ауылда 20 шаруа қожалығы, 7 кәсіпорын мен мемлекеттік мекеме жұмыс істейді. Сондай-ақ, 1 мектеп, 1 балабақша, 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 1 жабық спорт кешені мен 1 спорт зал бар. Елдімекен газбен және телефон байланысымен толық қамтылған. Ауылда мал шаруашылығы жақсы дамып келе жатыр. Өткен жылы "Маӊғыстаумұнайгаз" АҚ-қа 90 тонна ет тапсырды. Биыл 60 тонна түйе етін, 12 тонна жылқы етін, 20 тонна қой етін жеткізу туралы екі жақты меморандумға отыру жоспарлануда. Сондықтан, облыс әкімі Ералы Тоғжановтыӊ негізгі сұрақтары мал өсіруді дамыту мен жем-шөп жеткізуге байланысты болды.

"Бірнеше қожалықтыӊ басын біріктіріп, "Аграрлық несие корпорациясы" арқылы жұмыстарын жандандыруға болады. Қызан ауылында мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бар. Қазір облыс бойынша ауыл шаруашылығын дамытатын үлкен жобалар қолға алынуда. Соныӊ ішінде мал шаруашылығы осы Маӊғыстау ауданымен тікелей байланысты деп ойлаймын.

Ауыл шаруашылық басқармасымен бірлесе отырып, малға қажетті жем-шөп пен мал өнімдеріне байланысты бірқатар жайттарды қолға алуды тапсырамын", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов. Облыс әкімініӊ алдында көтерілген тағы бір сұрақ - тұрмыстық қажеттіліктерге арналған су мен ауыз судыӊ тапшылығы. Бұл аймақта су көзі тереӊде орналасқан. Сонымен қатар барлық қазылған құдықтағы су ішуге жарамсыз. Қызан ауылыныӊ тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлуді сұрады. Облыс әкімі жауапты органдарға ауыл тұрғындарыныӊ барлық ұсынысын қарауды және олардыӊ шешу жолдарын баяндауды тапсырды. Аймақ басшысы 1467 тұрғыны бар Ақшымырау ауылын аралады. Ауылда 22 шаруа қожалығы бар. Елдімекен төрт түліктен бөлек құс өсірумен де айналысады. Тіркелген ауыл шаруашылық техникаларыныӊ саны - 15. Ералы Тоғжанов И. Тобанияз атындағы орта мектептіӊ, "Айгөлек" балабақшасыныӊ, "Қаралда Балуан" атындағы спорт кешенініӊ, Ақшымырау ауылдық мәдениет үйініӊ жұмыстарымен танысты. Облыс әкімі спортты дамытуға, ауыл жастарын спортқа баулуға ден қоюды тапсырды. Аймақ басшысымен кездескен ауыл тұрғындары шаруашылықтардыӊ арасындағы байланыстыӊ сирек екенін алға тарта отырып, кооперативтер құру туралы ұсыныс айтты.

"Тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер мен қойылған сұрақтар ескерусіз қалмайды. Солардыӊ бірі - ет бағасыныӊ қымбаттауы. Осыған байланысты арнайы коммуналды нарық құру туралы тапсырма бердім. Соныӊ нәтижесінде алдағы уақытта базарға етті араға делдал салмай тікелей тапсыру жүйесі пайда болады", - деді Ералы Тоғжанов. Ол Тобықты жеріндегі Бекет Ата жер асты мешітімен барып, одан соӊ Шебір ауылына ат басын тіреді.

Шебір ауылыныӊ халық саны - 1 434 адам. 16 шаруа қожалығы, 1 орта мектеп, 1 мектеп-интернаты, 1 балабақша бар.

Облыс әкімі "Шебір" ауылдық амбулаториясыныӊ жұмысымен танысып, ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді тапсырды. Амбулатория тәулігіне 40 адамға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов150 орындық ауыл клубы мен спорт кешеніне барды. Шебір ауылыныӊ әлеуметтік-экономикалық жай-күйімен танысқан облыс әкімі ауылға қажетті мамандарды тартуды және оларға қолдау көрсету керектігін атап өтті. Шебір ауылында қажетті мамандарға арналған тұрғын үй наурыз айында аяқталады деп күтілуде. Ауылдағы өзекті мәселе - ауыз су тапшылығы. Аудан бойынша 2017 жылы 7 құдық қазылған. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Шебір ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін әлі де толық қарастыру қажет екенін ескертті.

Тұщықұдық ауылыныӊ тұрғын саны - 2 351. Мұнда 34 шаруа қожалығы, 1 орта мектеп, 1 балабақша бар. Қияқты елді мекенінен басқасы газбен қамтылған. Аймақ басшысы С.Жаӊғабылов атындағы орта мектептке, 83 орындық "Нұрай" балабақшасына, 220 орындық мәдениет үйіне барды.

"Осы уақытқа дейін Маӊғыстау ауданына 100-ге жуық хаттамалық тапсырма бердіӊіз. Оныӊ басым көпшілігі орындалуда. Атап айтсақ, ауыл ішілік және ауыл аралық жолдарға байланысты жұмыстар басталып кетті. Соныӊ бірі Қияқты-Тұщықұдық жолын асфальттау еді. Ол да жүзеге асуда. Егер жолдардыӊ құрылысы толық аяқталса, ауыл аралық жолдар қатынасы жақсарады", - деді Маӊғыстау ауданыныӊ әкімі Жармағанбет Қайырмағанбетұлы Айтуаров.

Маӊғыстау ауданына қарасты ауылдарды аралаған облыс әкімі ауыз су, мал өнімдері мен жем-шөп, ауылды кеӊ жолақты интернетпен толық қамтамасыз ету, орталық пен ауыл арасындағы және ауыл ішілік жолдарды қалпына келтіру мәселелерін шешу арқылы ауылдарды дамытудыӊ негізгі мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны