05.05.2011, 12:45 3906

ОҚО қазынашылық басқармасының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, кәсіпкерден бопсалау арқылы пара талап етті деген күдікпен Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының қазынашылық басқармасының бастығы ұсталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамұтова хабарлайды.

Шымкент. 5 - мамыр. Kazakhstan Today - ОҚО қазынашылық басқармасының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, кәсіпкерден бопсалау арқылы пара талап етті деген күдікпен Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының қазынашылық басқармасының бастығы ұсталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамұтова хабарлайды.

"Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы департаментінің қызметкерлері осы жылдың 28 сәуірі күні кәсіпкерден 1000 АҚШ доллары көлемінде пара бопсалады деген айыппен Қазығұрт ауданының қазынашылық басқармасының бастығын тұтқындады. Ол мұны "Балапан" мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынатын екі балабақшаның құрылысына мемлекеттік сатып алу бойынша нақты орындалған жұмыстарға 27 млн теңге көлемінде ЖШС есеп шотына ақша аударғаны үшін талап еткен", - деді Мамұтова.

Оның айтуынша, 29 сәуірде осы факті бойынша ҚР ҚК 311 бабы бойынша (пара алу) қылмыстық іс қозғалды. Соттың санкциясымен күдікті тұтқындалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны