14.07.2008, 18:52 3068

ОҚО Сайрам ауданында цемент зауытының құрылысы салынады

ОҚО Сайрам ауданында цемент зауытының құрылысы салынады

Шымкент. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "Югцемент" ЖШС ОҚО Сайрам ауданында жылына млн тоннаға дейін цемент өндіре алатын жаңа цемент зауытының құрылысын салмақшы, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кәсіпкерлердің айтуынша, барлық қажетті құжаттар - жер бөлу жөніндегі құжат, экологтар, санэпидемилогтар, өртке қарсы күрес қызметінің қорытындылары қазір дайын. Жобаға $100 млн жұмсауға дайын инвесторлар да табылды.

Кәсіпорын Қытайда өндірілген ең замануи фильтрлері бар жабдықпен жабдықталады, ол қалдықтарды 98% ұстап қалуға мүмкіндік береді. Цемент зауыты жергілікті шикізатпен жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны