02.06.2016, 19:34 3523

ОҚО-да балаларды қорғау мерекесі аясында төрт балабақша мен емхана пайдалануға берілді

Атап айтқанда, мереке күні Шымкент шаһарында үш бөбекжай балаларға есігін айқара ашты. Оныӊ бірі, қаладағы №62 "Ботақан" балабақшасы болса, екіншісі - "Тараз" шағын ауданындағы №60 "Тараз" балабақшасы. Ал үшінші мектеп дейінгі мекеме - "Нұртас" шағын ауданындағы №61 балабақша.

Астана. 2 маусым. Kazakhstan Today - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аясында Оӊтүстік Қазақстан облысында төрт балабақша мен бір емхана ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, мереке күні Шымкент шаһарында үш бөбекжай балаларға есігін айқара ашты. Оныӊ бірі, қаладағы №62 "Ботақан" балабақшасы болса, екіншісі - "Тараз" шағын ауданындағы №60 "Тараз" балабақшасы. Ал үшінші мектеп дейінгі мекеме - "Нұртас" шағын ауданындағы №61 балабақша.

Заман талабына сай жабдықталған бұл бөбекжайлардыӊ барлығы да 320 орындық. Мектепке дейінгі мекемелер балаларға арналған ойын бөлмесі, асхана, ән, би, музыка залы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт залдары және әр топқа арналған ойын алаӊшаларымен қамтылған.

Сонымен қатар, мереке аясында түлкібастық балғындар да қуанышқа бөленді. Ондағы Т.Рысқұлов ауылыныӊ "Жанкент" шағын ауданында қазіргі заман талабына сай тұрғызылған 280 балаға арналған "Таӊшолпан" балабақшасы пайдалануға берілді.

Елбасыныӊ тапсырмасымен "Балапан" бағдарламасы аясында бой көтерген балабақшаға облыстық бюджеттен 577 млн. теӊгеден астам қаржы бөлінген. Қажетті барлық құралдармен толық жабдықталған мектеп дейінгі мекемеде жергілікті 72 тұрғын жұмыспен қамтылып отыр.

Бұл күні балалармен қатар, ересек азаматтар да әлеуметтік нысанға қол жеткізді. Түлкібас поселкесінде пайдалануға берілген емханада жергілікті 58 адам жұмыспен қамтылған. Күніне 120 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар медицина мекемесініӊ құрылысына облыстық бюджеттен 290 млн. теӊге қаржы жұмсалған.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны