27.06.2016, 17:57 3725

ОҚО-да полицейлер рейдтік шара барысында 6 жеӊгетайлық жайтын анықтап, 15 жеӊіл жүрісті әйелдерді есепке алды.

Оӊтүстік Қазақстан облысында ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлері 2016 жылдыӊ 21 мен 23 маусым аралығында жеӊгетайлыққа қатысты қылмысты болдырмау, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру, адам саудасы және өзге де қылмыстарды болдырмау мақсатында "Стоп-траффик" жедел-алдын алу шарасын өткізді

Астана. 27 маусым. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлері 2016 жылдыӊ 21 мен 23 маусым аралығында жеӊгетайлыққа қатысты қылмысты болдырмау, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру, адам саудасы және өзге де қылмыстарды болдырмау мақсатында "Стоп-траффик" жедел-алдын алу шарасын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Стоп-траффик" жедел-алдын алу шарасы барысында тәртіп сақшылары 6 жеӊгетайлық жайтын анықтады. Сонымен, рейдтік шара кезінде полицейлер қаладағы сауналардыӊ бірінде тұтынушыларға интимді қызмет көрсету үшін жеӊіл жүрісті қыздардан 2 мыӊ теӊге көлемінде сыйақы алған аталған орынныӊ әкімшісін құрықтады.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 309-бабымен "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеӊгетайлық" қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ішкі істер органдарыныӊ есебіне жеӊіл жүрісті 15 әйелді тіркеді.

Полицейлер жыл басынан бері 36 қылмысты тіркеген. Олардыӊ ішінде: адам саудасы бойынша 4 жайт, кәмелетке толмағандардыӊ саудасы - 2 жайт, 3 - адам ұрлығы, 3 - заӊсыз бас бостандығынан айыру жайты, 4 жайт жезөкшелік ісіне тарту, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды жезөкшелік ісіне тарту бойынша 1 жайт тіркелген. Тәртіп сақшылары жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру бойынша 20 жайт анықтады.

Өз кезегінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлері адам саудасына қатысты қандай да бір оқиғаныӊ құрбаны болса немесе белгілі бір ақпарат білетіндер болса, ОҚО ІІД сенім телефонына хабарласуын сұрайды. Тел.: 98-00-56

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны