08.03.2018, 18:16 5366

ОҚО-да тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасын реттеп келеді

Айта кетерлігі, тұрақтандыру қорында көкөністер сәуір айыныӊ ортасына дейін сақталады. Жазғы егінніӊ келуіне дейін жыл сайын нарықта көкөністердіӊ жетіспеушілігі және бағаныӊ өсуі байқалады. Қазіргі уақытта облыстыӊ тұрақтандыру қорыныӊ дүкендеріндегі қалған тауар көлемі 4 884,3 тоннаны құрайды

Шымкент. 8 наурыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында жыл сайын әлеуметтік маӊызы бар өнімдердіӊ бағасыныӊ өсуін шектеу мақсатында тұрақтандыру қорыныӊ өнімдерін өӊір тұрғындарына төмен бағамен сату қалыптасқан. Мәселен, 2017 жылы "Азық түлік компаниясы" ЖШС-на 6800 тонна әлеуметтік маӊызды тауарлар сатып алынса, оныӊ 2232,5 тоннасы сатылған.

Қордыӊ биылғы жұмысымен танысу үшін "Шымкент" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ еншілес ұйымыныӊ "Азық-түлік компаниясы" ЖШС азық-түлік тұрақтандыру қорыныӊ сауда нүктелеріне облыс әкімініӊ баспасөз қызметі БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз турын ұйымдастырды.

Айта кетерлігі, тұрақтандыру қорында көкөністер сәуір айыныӊ ортасына дейін сақталады. Жазғы егінніӊ келуіне дейін жыл сайын нарықта көкөністердіӊ жетіспеушілігі және бағаныӊ өсуі байқалады. Қазіргі уақытта облыстыӊ тұрақтандыру қорыныӊ дүкендеріндегі қалған тауар көлемі 4 884,3 тоннаны құрайды.

Ал тауарлардыӊ сатылу бағасына келсек, картоптыӊ 1 келісі - 85 теӊгеден, пияз - 50 теӊге, сәбіз - 80 теӊге, күріш - 180 теӊге, сиыр еті - 1390 теӊге, құмшекер бағасы 215 теӊгеден сатылуда. Осылайша тұрақтандыру қоры нарықтағы бағадан төмен етіп, халыққа тауар ұсынып келеді. Тауарлар "Фиркан" сауда желісі, "Жібек жолы", "Айна", "Алаш", "Қырғы базар", "Самал", "Қазыбек", "Авто-Нұр", "Барыс", ИП "Жақсылық" базарлары мен Шымкент қаласындағы жәрмеӊкелер арқылы сатылуда.

Қазіргі уақытта облыста әлеуметтік маӊызы бар азық-түлік тауарларыныӊ бағасыныӊ күрт өсуі байқалмайды.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны