02.05.2018, 20:33 3144

Оман Сұлтандығыныӊ астанасында қазақ киносы апталығы өтеді

Мамыр айыныӊ 2-і мен 5-і аралығында Оман Сұлтандығыныӊ астанасы Маскат қаласындағы "VOX Shatti Cinema" кинотеатрында қазақ киносы апталығы өтеді. Аталмыш мәдени іс-шара барысында соӊғы жылдары жарыққа шыққан отандық режиссерлердіӊ танымал фильмдері көрсетіледі.

Алматы. 2 мамыр. Kazakhstan Today - Мамыр айыныӊ 2-і мен 5-і аралығында Оман Сұлтандығыныӊ астанасы Маскат қаласындағы "VOX Shatti Cinema" кинотеатрында қазақ киносы апталығы өтеді. Аталмыш мәдени іс-шара барысында соӊғы жылдары жарыққа шыққан отандық режиссерлердіӊ танымал фильмдері көрсетіледі.

Қазақ киносы апталығыныӊ ашылу салтанатына Оман Сұлтандығыныӊ зиялы қауымы, іскерлік және мәдени ұйымдар өкілдері, сонымен қатар дипломатиялық корпустыӊ өкілдері мен Оман Сұлтандығында тұратын Қазақстан азаматтары қатысады.

Қазақстан Республикасыныӊ Оман Сұлтандығындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ержан Мұқаш аталған мәдени іс-шара ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласында айтылған міндеттердіӊ бірі - "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" жобасы аясында өткізіліп жатқанын және осындай іс-шаралар екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға кеӊ мүмкіндік беретінін айтты.

Маскат қаласында өтетін Қазақ киносы апталығы бүгін режиссер Ақан Сатаевтыӊ "Анаға апарар жол" фильмімен ашылады. Ал 5 мамырда омандықтар қазақ хандығыныӊ құрылуы туралы баяндайтын, режиссері Рүстем Ибдірашевтыӊ "Алмас қылыш" тарихи фильмін тамашалайтын болады.

Анықтама.

Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 27 сәуірде орнатылды. ҚР Омандағы Елшілігі 2009 жылы 10 желтоқсанда ашылды. Қазақстан Республикасыныӊ Омандағы Елшісі Е.Мұқаш. Қазіргі таӊда екі ел қатынастарыныӊ шарт-құқықтық негізін 7 құжат құрайды.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны