10.07.2006, 17:00 2847

Омбудсмен “Шаңырақ” және “Бақай” ықшам аудандарындағы ахуалға қатысты мемлекеттік мекемелерден жауап алған жоқ

АСТАНА. 10-шілде. Kazakhstan Today. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл “Шаңырақ” және “Бақай” ықшам аудандарындағы ахуалға қатысты республиканың Бас прокуратурасы мен Алматы қалалық әкімшілігіне жолдаған сұрауына жауап алған жоқ. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жетекшісі Вячеслав Калюжный құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Біз әзірге республиканың Бас прокуратурасы мен Алматы қалалық әкімшілігіне жолдаған сұрауымызға жауап алған жоқпыз. Сол себепті біз әзірге мемлекеттік мекемелердің іс-әрекеті қаншалықты заңды болғаны туралы қорытынды жасай алмаймыз”,- деді В.Калюжный “Бақай” ықшам ауданындағы үйлерді бұзудың заңдылығы туралы журналистер сауалына берген жауабында.

В.Калюжный адам құқықтары жөніндегі уәкілдің аталмыш аудандарда қалыптасқан ахуалға байланысты проблеманы шешу туралы мемлекеттік мекемелерге тиісті сұрау салғанын еске салды. “Біз қолайсыз жағдайда қалған азаматтарды қолдаймыз”,- деді ол.

В.Калюжныйдың айтуынша, мемлекеттік мекемелерлердің барлығынан жауап алынғаннан кейін материал жинақталып, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қорытындысы жария етіледі.

Қазіргі жағдаймен омбудсмен тек ҚР ІІМ-інен ғана жауап алды. Баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, “адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы “Шаңырақ”, “Бақай”, “Айгерім”, “Ұлжан” және “Думан” ықшам аудандарында тұрып жатқан адамдардың құқығын бұзу деректері бойынша берген нұсқауларына жауап ретінде республиканың ІІМ өзінің аумақтық бөлімшелеріне заңсыз салынған құрылыстарды бұзу мен жер учаскелерін босатуда ішкі істер мекемелерінің бөлімшелерін тек министрліктің рұқсатымен ғана пайдалану қажеттігі туралы тапсырма берді”.

В.Калюжный сондай-ақ омбудсменнің тек нұсқау ғана бере алатынын, ал оны қабылдау немесе қабылдамауды құжат жолданған уәкілетті орган ғана шешетінін атап өтті.



МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны