12.10.2016, 19:00 4082

Оӊтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында жаӊа мешіт ашылды

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында жаӊа мешіт пайдалануға берілді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шымкент. 12 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында жаӊа мешіт пайдалануға берілді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Көктөбе ауылы тұрғындарын қуанышқа бөлеген бұл мешітті қос кәсіпкер Ж.Өмірзақов пен С.Дәмірқажы өз қаражаттарына салып берген.

Бұған дейін тұрғындар іргетасы 1830 жылы қаланған Жүніс әжі атындағы мешітке қызметке барып, құлшылық ететін. Көктөбелік қария Б.Исақовтыӊ айтуынша, ескі ғимарат үш ғасырға куә болған. Ауыл тұрғындары жылда өз күштерімен жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ғимаратты жарамды күйге келтіріп жүріпті. Енді көктөбеліктер жаӊа мешіттіӊ қызметін пайдаланады.

Құлшылық үйініӊ ашылу салтанатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы А.Керімбек құттықтау сөз сөйлеп, бас мүфтидіӊ де сәлемін жеткізді. "Дәулеталыұлы Бегалыата" мешітініӊ имамы Б.Ишірбай игі істіӊ басы-қасында жүрген азаматтарға алғыс хат табыстады. Республикаға танылып жүрген жас айтыскер-ақын Біржан Байтуов жырдан шашу шашып, жомарт жандарды көпшілікке үлгі етті.

Салтанатты шарада Аудан әкімініӊ орынбасары И.Сәдірмек пен Қажымұқан ауыл округі ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Л.Жүсіп ақсақал көктөбеліктерді құттықтап, мешіт салудыӊ сауапты іс екеніне тоқталды. Ауыл тұрғындары өз демеуші жігіттерге тұлпар мінгізіп, алғыстарын білдірді.

Мемлекет басшысы Жолдауларында бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігін күшейту мәселесіне тоқталып тұрады. Осыған орай аудан әкімдігі мен кәсіпкерлердіӊ ынтымақтаса іс атқаруы өӊірде әлеуметтік нысандардыӊ саны артуына ықпал етуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны