08.12.2016, 09:33 4026

Оӊтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді

Осы күні еӊ алдымен Т.Рысқұлов ауылдық округі Азаттық ауылындағы 300 орындық мәдениет үйі ел игілігіне берілді.

Шымкент. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы мерекесі қарсаӊында Түлкібас ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жаӊа ғимараттардыӊ ашылу салтанатына қатысқан аудан ?кімі ?уелхан Тұрғынбеков барша тұрғындарды мерейлі мерекемен құттықтап, облыс басшысы Ж.Түймебаевтыӊ ізгі тілегін жеткізді. Жергілікті халықтыӊ қуанышымен бөліскен аудан ?кімі мұндай игі шараныӊ Тәуелсіздіктіӊ арқасында мүмкін болғанын айтып, осынау қастерлі бақты мәӊгіге бірлесе сақтауға шақырды.

Осы күні еӊ алдымен Т.Рысқұлов ауылдық округі Азаттық ауылындағы 300 орындық мәдениет үйі ел игілігіне берілді. Республикалық "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйіне 75 млн. теӊгеден астам қаржы жұмсалған. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме "Нұрлысан" ЖШС-і жүргізді. Төрт мыӊнан астам халқы бар ауылдық округ тұрғындары негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Елді мекенде әлеуметтік мәселелер оӊ шешімін тапқан.

Сонымен қатар, аталған ауылда күрделі жөндеуден өткен ?кімдіктіӊ ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты ?кімдік нысаныныӊ тиісті жұмыстарына жергілікті бюджеттен 84 млн. теӊге бөлінген. Жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған ?кімдікте 14 азамат еӊбек етеді.

Мұнан бөлек, Т?уелсіздіктіӊ 25 жылдығына тарту ретінде ауданда жаӊа мектеп салтанатты түрде ашылды. Аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында халық саныныӊ өсуіне орай жаӊа мектептіӊ қажеттігіне байланысты "Жанкент" шағын ауданындағы 600 орындық жаӊа мектептіӊ құрылысы бітіп, пайдалануға берілді. 3 қабатты білім ошағыныӊ қаржы көзі облыстық бюджеттен. Жалпы сметалық құны 669 млн. 500 мыӊ теӊге. Ауылдық округте 4 мектеп орналасқан. Халық саны 18902 құрайды.

Биылғы жылы аталған елді мекенде 280 орындық балабақша, 96 пәтерлі 2 тұрғын үй, 1 спорт кешенініӊ құрылысы жүріп, ел игілігіне берілді. Сонымен қатар, округтіӊ орталық көшесі абаттандырылып, жаӊа шағын ауданға инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, Түлкібас ауданында Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына орай, 20 нысанныӊ құрылысы жүріп, жыл соӊына дейін ел игілігіне берілмек.

Егемендігімізді алған жылдардан бері Түлкібаста 157 нысанныӊ құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аудан халқыныӊ саны 26 мыӊ адамға өсті. Ширек ғасырда 25 мектеп, 2 бала бақша салынып, 31 білім беру мекемелері күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, мәдениет саласында 9 нысан күрделі жөндеуден өтіп, 2 нысан жаӊадан салынды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ауданныӊ жеткен жетістіктерініӊ бір парасы ғана.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны