18.07.2008, 17:20 2396

Оңтүстік Қазақстан облысын энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың электр қуатын сатып алуға қаражаттары жоқ

Оңтүстік Қазақстан облысын энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың электр қуатын сатып алуға қаражаттары жоқ

Шымкент. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысын энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың электр қуатын сатып алуға қаражаттары жоқ. Сондықтан, тұтынушыларды көптеген сағаттар бойы электр қуатынан ажыратуға мәжбүр. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының энергия сататын кәсіпорындары "Энергопоток" ЖШС мен "Оңтүстік жарық" ЖШС басшылары Салтанат Игісінова мен Ғани Жауторғаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Кеше Шымкенттегі электр қуатының шектеуі 20 МВт/сағатты, бүгін 30 МВт/сағатты құрады. Дүйсенбі күні шектеу 40 МВт-қа, ал сейсенбі күні 50 МВт-қа жетеді. Ал қаланың орташа қажеттілігі 80 МВт/сағатты құрайды. Мен бұны Жамбыл ЖЭС электр қуатын сатып алуға қаншалықты қаражатымыз жететіндігінен айтып отырмын", - деп мәлімдеді Салтанат Игісінова.

С. Игісінова мен Ғ. Жауторғаевтың айтуларынша, монополияға қарсы агенттіктің электр қуатының бағасын арттыруға берген өтініштерін қабылдамауы Оңтүстік Қазақстанның энергетиктерін өте ауыр жағдайға қалдырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны