15.12.2006, 15:56 2832

Оңтүстік Қазақстан облысынд ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды; мамандар осындай балалардың саны арта береді деп пайымдайды

ШЫМКЕНТ. 15-желтоқсан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Наталья Бабинаның хабарлауынша, Шымкентте тұратын үш жасқа жетпеген бүлдіршіннен ВИЧ індетінің вирусы анықталды. Ол дерттің белгілеріне байланысты тексеруден өткен. Бұған дейін бала облыстық балалар ауруханасында жатқан.

Сөйтіп қазіргі жағдаймен ВИЧ індеті 82 балада (сегізі қайтыс болса, біреуін асырап алған) анықталды және осы індетті жұқтырған балалардың аналары арасынан 11 адамнан ауру анықталды.

"Меніңше, 2007-жылдың бастапқы 9 айында біз дертке шалдыққан балаларды анықтай беретін шығармыз деп ойлаймын. Ауру ошағы шоғырландырылды деген сөз ендігі жерде ВИЧ індетін жұқтырған бала анықталмайды дегенді білдірмейді: індеттің инкубациялық мерзімі деген ұғым бар",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны