07.07.2009, 15:10 3143

Оңтүстік Қазақстан облысында 2009 жылы 250-ден астам су тазарту станциялары орнатылады

Оңтүстік Қазақстан облысында 2009 жылы 250-ден астам су тазарту станциялары орнатылады

Шымкент. 7 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында 2009 жылы 250-ден астам ауыз су тазарту станциялары орнатылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінше, 190 елдімекенде 251 тазарту станциясын орнатуға жалпы алғанда 1 млрд 355 млн 900 мың теңге, соның ішінде облыстық бюджеттен 71 елдімекен үшін 642 млн теңге, халықты жұмыспен қамту жөніндегі үкіметтік бағдарламаға сәйкес 119 елдімекенге 714 млн жуық теңге бөлінген.

Оңтүстік Қазақстан облысында барлығы 900 елдімекеннің 412-і су құбырымен қамтамасыз етілген (бірақ тек Шымкентте ғана тәулігіне 24 сағат бойы ауыз су құбырмен беріледі), 431 елдімекенде орталықтандырылмаған су қамтамасыздығына ие (құдықтар, бұлақтар, ұңғымалар, ашық көздер), ал 57 елдімекеннің тұрғындары тасымалданатын ауыз суды тұтынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны