10.07.2006, 12:39 3120

Оңтүстік Қазақстан облысында алаяқтық деректері артты

ШЫМКЕНТ. 10-шілде. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында алаяқтық деректері артты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық прокуратураның тергеу басқармасының бастығы Амангелді Илекешев хабарлады.

“Былтыр осы топқа жататын қылмыстық істердің саны жалпы 7,4 процентті құрады,- деді А.Илекешев. – Осы жылдың бірінші тоқсанында алаяқтардың белсенділігі арту оқиғасы тіркелді: осындай істердің саны жалпы көлемнің 8,9 процентіне дейін өсті. Исіресе Ордабасы (36,8%), Сайрам (22,1%), Созақ (24,2%) аудандарында бұл деңгей жоғары”.

А.Илекешевтің айтуынша, облыстық прокуратурадағылар 2005-жылы және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында алаяқтарға қарсы қозғалған қылмыстық істерге талдау жасады. Барлығы 703 осындай қылмыс тіркелген. Алайда, А.Илекешевтің айтуынша, осы топтағы істер бойынша зардап шеккендер саны әжептәуір көп. Талдау нәтижесі көрсеткендей, алаяқтықпен көбінесе жоғары білімі бар, еш жерде жұмыс істемейтін Қазақстан азаматтары шұғылданады. Олардың жас шамасы 30-дан жоғары. Былтыр алаяқ әйелдердің саны 39,9 процентті, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 44,3 процентті құраған. Алаяқтар арасында 11 мемлекеттік қызметкер, 3 лауазым иесі, 7 кәсіпкер анықталған. 14 адам осындай қылмысқа қайта барғаны үшін ұсталды.

“Алаяқтық оқиғаларына категориясына қарай талдау қорытындысы осындай деректердің зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуде көбірек тіркелетінін көрсетті”,- деді А.Илекешев. Облыстық прокуратураның мәліметіне сәйкес, жер телімдерін бөлу, банк қызметкерлерінің шын мәнінде немесе жалған қатысуымен ипотекалық несиелендіруде делдалдық қызмет көрсету саласындағы алаяқтық деректері мен оның ауқымы арта түсуде. Жылжымайтын мүлік нысандарын нотариалдық конторалардың қатысуымен иеліктен шығаруға және шетелдерде жұмысқа орналастыруға қатысты жалған фирмалар құруға байланысты алаяқтық деректері көбейді. Сондай-ақ, бұл тізімге ірі көлемдегі ақшаны өсіммен қарызға алу деректерін де қосуға болады, деді А.Илекешев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны