28.09.2016, 09:06 3923

Оӊтүстік Қазақстан облысында бала тууға байланысты құжаттандыру мен жәрдемақы және басқа ды қызметтерді бірден перзентханада рәсімдеу мүмкіндігі туды

Бүгінде облыстыӊ барлық перинаталды орталықтары мен босану үйлерінде ХКҚО мен АХАТ бөлімдерініӊ қызметкерлері жоғарыда айтылған құжаттарды рәсімдеу бойынша көшпелі қызмет көрсетуде.

Шымкент. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы аумағында балаларға берілетін құжаттардыӊ 4 түрі біріктіріліп, композиттік қызмет аясына енді, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алынатын бұл қызметке түрі баланыӊ туу туралы куәлігі мен туылуына байланысты әлеуметтік бір жылдық төлемақысы, сонымен қатар, оныӊ бір жасқа дейінгі төленетін жәрдемақысы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою қызметтері жатады.

Бүгінде облыстыӊ барлық перинаталды орталықтары мен босану үйлерінде ХКҚО мен АХАТ бөлімдерініӊ қызметкерлері жоғарыда айтылған құжаттарды рәсімдеу бойынша көшпелі қызмет көрсетуде. Аталған қызмет іске қосылған бір күнніӊ ішінде 136 баланыӊ құжаттары осы қызмет түрімен рәсімделген. Өӊір тұрғындары енді жоғарыда аталған 4 құжатты алу үшін түрлі мекеме орталықтарыныӊ табалдырығын тоздырмай, ХҚКО-на барып бір өтініш негізінде іске асыруға болады.

Бүгінде облыс жұртшылығы арасында бұл қызмет түріне оӊ пікірін білдірушілер көбеюде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, енді баланыӊ туу туралы куәлігі мен бала күтіміне тағайындалатын жәрдемақыға қатысты құжаттарды перзентханада рәсімдеуге болады. Бұл жаӊа жобаны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ұсынып отыр.

Сондай-ақ, аналардыӊ жүктілік және босануымен байланысты жұмыстан босатылғаннан кейінгі әлеуметтік төлемақылары мен баланы балабақша кезегіне қою да босану бөлімінде жүзеге асады. Тапсырыс тіркелген соӊ, жаӊа туған нәрестеніӊ куәлігі екі күннен кейін дайын болады. Жәрдемақыға қатысты хабарлама аналардыӊ ұялы телефондарына келіп түседі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны