10.07.2009, 13:54 2178

Оңтүстік Қазақстан облысында екі жаңа тубдиспансер пайдалануға берілді

Оңтүстік Қазақстан облысында екі жаңа тубдиспансер пайдалануға берілді

Шымкент. 10 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында Арыс қаласы мен Шәуілдір ауылында екі жаңа тубдиспансер пайдалануға берілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Президент бірінші кезекте медициналық нысандардың құрылысын бітіруге тапсырма берген. Олардың арасында осы ғимарат та бар. Арыс қаласы үшін жаңа тубдиспансерді пайдалануға берудің маңызы зор. Бес айдың қорытындысы бойынша облыста осы ауру көрсеткіші 44 болса, Арыс қаласында ол 78", - деді ғимараттың ашылуында ОҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы Инуарбек Маймақов.

Арыс қаласында тубдиспансер ғимаратын салуға республикалық бюджеттен 1 млрд 83 млн теңге бөлінген. Ол 50 төсекке есептелген. Мұнда екпе кабинеті, рентген, УЗИ, бронхоскоп, жылжымалы флюорографиялық қондырғы жұмыс істейді. Тубдиспансерде 86 адам жұмысқа қамтылған.

"Бұл жерде науқастарды жақсы емдеуге қажеттінің бәрі бар. Олардың шағым-арыз түсуге тиіс емес. Дәрі-дәрмек жеткілікті, ақша бар, жалақыны уақытылы аласыздар. Енді тек қана жақсы жұмыс істеу керек", - деді И. Маймақов.

Шәуілдір ауылындағы жаңа тубдиспансер 60 төсекке есептелген, оны салуға 1 млрд 251 млн теңге жұмсалды.

Облыстық тубдиспансерден алынған мәлімет бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында құрт ауруына шалдығудың орташа көрсеткіші әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 44,4-ке тең. Облыста 16 туберкулезге қарсы диспансер (жалпы төсек саны - 1700) және төрт шипажай жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны