11.06.2018, 15:12 5703

Оӊтүстік Қазақстан облысында экологиялық туризм қарқынды дамып келеді

Қуанарлығы, облыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келушілердіӊ легі жыл санап өсіп келеді. Мәселен, 2014 жылы 18623 адам болса, 2017 жылы 25687 адам демалуға келген. Яғни демалуға келген туристер саны 3 жыл ішінде 40 пайызға артқан.

Шымкент. 11 маусым. Kazakhstan Today -Оӊтүстік Қазақстан облысында экологиялық туризмніӊ әлеуеті зор. Өӊірдегі тарихи орындар, көрікті жерлер мен қайталанбас табиғи кешендер отандық және халықаралық экотуризмніӊ драйверіне айнала алады. Бүгін бұл туралы ОҚО өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясыныӊ бөлім басшысы Қамытбек Жорабаев мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, қазіргі таӊда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардыӊ, мәдениет пен өркениеттіӊ, сәулет пен ескерткіштердіӊ тартымдылығымен ерекшеленіп отыр.

"Айта кетерлігі, экотуризм бағытын дамытып отырған Ақсу-Жабағылы мен Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем ұлттық паркі және Сырдария-Түркістан өӊірлік табиғи паркі сияқты мемлекеттік мекемелердіӊ үлесі мол. Одан бөлек, облыс аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылған 1 зоологиялық және 1 дендрологиялық парк, 16 мемлекеттік табиғи ескерткіш бар. Сондай-ақ, өӊірде ботаникалық әралуандылықты сақтау мақсатындағы 7 табиғи қаумал ұйымдастырылған. Олар: Ақдала, Темір, Боралдай, Задария, Жамбыл қаумалдары", - деді Қамытбек Қасымбекұлы.

Қуанарлығы, облыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келушілердіӊ легі жыл санап өсіп келеді. Мәселен, 2014 жылы 18623 адам болса, 2017 жылы 25687 адам демалуға келген. Яғни демалуға келген туристер саны 3 жыл ішінде 40 пайызға артқан.

"Оӊтүстік халқыныӊ, оныӊ ішінде Шымкент қаласы тұрғындарыныӊ еӊ көп демалуға баратын орындары болып Сайрам-Өгем ұлттық паркініӊ Қасқасу, Сайрамсу, Біркөлік, Өгем, Машат, Көкбұлақ шатқалдары саналады. Бүгінде "Алтын Дән", "Эксперт-Сервис", "Қасқасу-Тур", "East West Company LTD" сияқты демалыс орындары туристерге қызмет көрсетуде жемісті еӊбек етіп келеді", - деді Қамытбек Жорабаев.

Облыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өсімдіктердіӊ 1800-ден астам түрі бар. Сондай-ақ, Қазақстанныӊ Қызыл кітабына енген өсімдіктердіӊ 50-ден астам түрі өссе, сүт қоректі жануарлардыӊ 41 түрі, құстардыӊ 300-ге жуық түрі мекен етеді.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны