29.09.2016, 08:10 4214

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына 25 игі іс" іс-шарасы аясында қайырымдылық концерті өтті

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда ұйымдастырылған концерттік шараға қайырымдылық жасау үшін өӊіріміздіӊ ардагерлері, кәсіпкерлері мен жомарт азматтары және аудан, қала әкімдіктердіӊ, облыстық басқармалардыӊ өкілдері, денсаулық сақтау мекемелері қатысты.

Шымкент. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында кеше "Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына 25 игі іс" іс-шарасы аясында "Жасай бер, Қазақстан!" облыстық өнер қызметкерлерініӊ қайырымдылық концерті өтті, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда ұйымдастырылған концерттік шараға қайырымдылық жасау үшін өӊіріміздіӊ ардагерлері, кәсіпкерлері мен жомарт азматтары және аудан, қала әкімдіктердіӊ, облыстық басқармалардыӊ өкілдері, денсаулық сақтау мекемелері қатысты.

Ел Тәуелсіздігініӊ ширек ғасырлық тойы аясында ұйымдастырылған қайырымдылық шарадан түскен қаржы облысымыздағы тірек қимылы бұзылған балалардыӊ (ДЦП) еміне жұмсалатын болады.

Облыстық мәдениет басқармасыныӊ ұйымдастыруымен өӊірдіӊ күміс көмей әншілері мен мәдениет майталмандары тегін өнер көрсетіп, мерекелік кешке өз үлестерін қосты.

Жалпы бүгінгі қайрымдылық шараға түскен қаржыныӊ соммасы 1 млн. 116 мыӊ теӊге. Аталған қаржы "ЖИТС-тен балаларды қорғау" қайырымдылық қоғамдық қорына аударылып, медициналық көмекті қажет ететін тірек қимылы бұзылған мүмкіндігі шектеулі балалардыӊ еміне жұмсалатын болады.

Сонымен қатар, өӊіріміздіӊ қайырымды жандары өз қаржысын "ЖИТС-тан балаларды қорғаймыз" қайырымдылық қоғамдық қорыныӊ есепшотына (Мекеме реквизиттері - БИН: 060940002643, БИК: CASPKZKA, ИИК: KZ95722S000000527461, АО "KASPI BANK", Тел: 8(7252) 39-26-88, 8(7252) 39-48-59) аударуға да мүмкіндігі бар. "Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына 25 игі іс" аясындағы ұйымдастырылған арнайы есепшот 2016 жылдыӊ 16 желтоқсанына дейін жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс көлемінде аталып өткен қайырымдылық іс-шараларыныӊ ауқымы кеӊ. Мәселен, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан және демеушілер тарапынан өӊірдегі Батыр аналар мен көп балалалы аз қамтылған аналар, Ұлы отан соғысыныӊ ардагерлері, жалғыз ілікті қарттар, тыл еӊбеккерлері, мүгедек балалар, мүгедек азаматтар және аз қамтылған отбасылар сынды 68 мыӊға жуық азаматқа жалпы сомасы 31 млн. теӊгедей ақша жұмсалған. Оныӊ 70 пайызы қайырымды жандардыӊ есебінен көрсетілген көмек болып табылады.

Ал осы мерзімде Оӊтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы 100-ге жуық қайырымдылық іс-шараларын өткізді. Аталған игі шараларда 27 мыӊнан астам адамға 84 млн. теӊгеге жуық қаржылай және заттай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Ассамблеяныӊ ұйытқы болуымен өӊірдегі ауыр науқасқа шалдыққан 6 балаға Алматыда кезектен тыс ем алу үшін 800 мыӊға жуық теӊгені құрайтын емдік қолдау шаралары көрсетілді.

Мұндай игі шаралар Оӊтүстік Қазақстан облысында жыл соӊына дейін жалғасатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны