05.12.2012, 16:03 3113

Оңтүстік Қазақстан облысында кіші Ассамблеяның ХV сессиясы өтті

ҚазАқпарат агенттігінің әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық Ассамблеяның ХV сессиясы өтті.

Астана. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында кіші Ассамблеяның ХV сессиясы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық Ассамблеяның ХV сессиясы өтті. Сессияда облыс әкімі, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының төрағасы Асқар Мырзахметов баяндама жасады.

"Ынтымағы ұранына айналған елдің кешегісі мен бүгіні бірліктің арқасында берекелі болуда. Ертеңі мен болашағы да осы татулыққа байланысты. Ендігі жерде еліміздегі ұлтаралық келісім көздің қарашығындай сақталса, мемлекетіміздің бағындырар биіктері алда болады. Ынтымағы жарасқан елдің келешегі кемел. Біз - ежелден елдікті ардақтаған, байыпты қалпы мен салиқалы салтын сақтаған жұртпыз. Елбасының сөзімен айтсақ, Қазақстан - біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Ендеше, қол жеткізген береке-бірлігімізден айырылмай, еліміздің өсіп-өркендеуі үшін аянбай еңбек етейік" - деді өз сөзінде облыс әкімі.

Сондай-ақ, сессия барысында бірқатар азаматтар баяндама жасап, ұлтаралық келісім мен татулықтың Тәуелсіз қазақ елі үшін орны ерекше екенін тілге тиек етті. Жиын соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны