03.10.2006, 12:30 2996

Оңтүстік Қазақстан облысында күйдіргі жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған науқастар Сарыағаш ауданының үш түрлі ауданынан жеткізілген

ШЫМКЕНТ. 3-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында күйдіргі жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған науқастар Сарыағаш ауданының үш түрлі ауданынан жеткізілген. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемилогиялық бақылау департаменті директорының орынбасары Жұмағұл Медетов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, бас -аяғы бірнеше күннің ішінде аудандық ауруханаға күйдіргі деген күдікпен тоғыз адам келіп түскен. Қазіргі жағдаймен екеуінің диагнозы расталды.

Ж.Медетовтың айтуынша, науқастардың бәрі де ауырған малды союға қатысқан. Алғашқы оқиға Іңкес ауылында болып, онда екі сиырды сойған бес адам ауырған.

Екіншісі Сарыағашқа таяу жердегі Бесқұдық ауылында болған. Онда үш адам ауырған екі сиырды союға қатысыпты. Ал үшінші оқиғада Сарышаған ауылы Чечерино учаскесінде бір отбасының қожайыны ауырған бұзауды сойған. Барлық жағдайда да малдың етін адамдар туыстарына таратып жіберген. Табылған еттің қалдығын санитарлық дәрігерлер өртеп жіберді.

"Қазір дәрігерлер үйлерді аралауда. Ауырған малдың етін ұстаған барлық адамдар дәрігердің бақылауына алынып, оларға бес күн бойы профилактикалық мақсатта антибиотикпен емдеу белгіленді",- деді Ж.Медетов.

Оңтүстік Қазақстан облысында үш жүзден астам күйдіргінің табиғи ошақтары бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны