12.06.2008, 14:18 1644

Оңтүстік Қазақстан облысында өзбектердің республикалық құрылтайы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында өзбектердің республикалық құрылтайы өтті

Шымкент. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында өзбек диаспорасы өкілдерінің республикалық құрылтайы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.

Құрылтайға республиканың 10 облысынан 215 делегат қатысты. Күн тәртібінде республикалық "Достлик" қауымдастығының президенті, сенатора Розакул Халмурадовтың есебі тыңдалды, себебі оның осы қызметтегі бес жылдық мерзімі аяқталған. Қауымдастық кейінгі бес жылда республикалық мәртебесі бар ұйымға айналды, деді ол.

"Есепті мерзімде өзбек театры құрылып, жыл сайын шешендердің республикалық байқауы өткізілуде. Жыл сайын мемлекеттік тіл білімінің байқауы өткізілуде, олардың нәтижесі бойынша өзбек мектептерінің 33 түлегі еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алуда. Қауымдастықтың 17 мүшесіне үкіметтік наградалар табысталды", - деді Р. Халмурадов.

Қауымдастық басшысы шешілмеген мәселелердің қатарында өткен жылдарда өзбек телеарналарын көру мүмкіндігі тумағанын, өзбек мектептері түлектерінің ҰБТ-ға қатысу мәселесін атады.

Құрылтайға қатысушылар қауымдастық президентінің қызметін атқару мерзімін бес жылдан екі жылға дейін қысқартуды ұйғарды. Бұдан кейін қауымдастықтың жаңа президенті сайланып, сенатор Р. Халмурадов өз кандидатурасын ұсынбағандықтан, республикалық "Достлик" қауымдастығының президенттігіне Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Рахмаджан Абдусаттаров сайланды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 450 мың өзбек тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны