26.02.2008, 13:08 2549

Оңтүстік Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккендерге көмек ретінде қосымша 500 млн теңге бөлінді

Оңтүстік Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккендерге көмек ретінде қосымша 500 млн теңге бөлінді

Астана. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкіметі Оңтүстік Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккендерге көмек ретінде қосымша 500 млн теңге бөлу жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР ТЖМ Владимир Божко бүгін журналистерге берген сұхбатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгін біз Оңтүстік Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккендерге көмек ретінде қосымша 500 млн теңге бөлу жөніндегі қаулыны бір дауыстан қолдадық", - деді В. Божко.

"Бұл 500 млн теңге мемлекеттік материалдық резервтен материалдық резерв бөлуге өтемақы ретінде бөлінбекші, ол үлкен көлемде бұқтырылған ет, макарон өнімдері, қазір жетіспей отырған шатырлар мен шатыр жабдықтары", - деді министр.

"Осы аптада президенттің тапсырмасымен және үкімет басшысының шешімімен апаттың зардаптарын жоюға 1 млрд теңге бөлінгенін ерекше атып өткім келеді", -деді ол.

В. Божко бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына индустрия және сауда министрі Владимир Школьник баратынын, ол "тасқыннан бүлінген үйлерді қалпына келтіруге қатысты ахуалды талдауға тиіс екенін" хабарлады.

"Тасқын зардаптарын жоюға бөлінетін қосымша қаржы көлемі ауқымды болатыны түсінікті", - деді төтенше жағдайлар министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны