07.10.2016, 15:10 5977

Оӊтүстік Қазақстан облысында тәжік этносыныӊ тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні аталып өтті

Облыста 1995 жылы ашылған тәжік этномәдени бірлестігі ел бірлігін бекемдеу, қоғамдық келісімді сақтау бағытында өӊірде атқарылған барлық кешенді іс-шаралардыӊ жанынан табылып келеді.

Шымкент. 7 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Сарыағаш ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы аясында тәжік этносыныӊ тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні аталып өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Іс-шарада Оӊтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары, облыстық ассамблея хатшылығыныӊ меӊгерушісі Мұратәлі Қалмұратов барша қатысушыларды құттықтап, қоғамдық келісім мен тұрақтылық - біздіӊ басты ұстанымымыз болуы тиіс екендігін айтып өтті.

Өз кезегінде облыстық тәжік этномәдени бірлестігініӊ төрағасы Акабай Худойкулов Қазақстанда әрбір этностыӊ өз тілі мен мәдениетін сақтауына және дамытуына барлық жағдай жасалғанына ризашылығын білдірді.

Салтанатты жиын соӊы концерттік бағдарламаға ұласып, елдіӊ ынтымағы мен бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетерлігі, бүгінде Оӊтүстік Қазақстанда 35 мыӊнан астам тәжік этносыныӊ өкілдері тұрады. Облыста 1995 жылы ашылған тәжік этномәдени бірлестігі ел бірлігін бекемдеу, қоғамдық келісімді сақтау бағытында өӊірде атқарылған барлық кешенді іс-шаралардыӊ жанынан табылып келеді.

Қазақстандағы тұрып жатқан тәжіктер диаспорасы үлкен. Оларға қазақ жеру туған үйіндей болып кетті. Жалпы Республикада тоғыз тәжік мәдени орталығы бар. Олар Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысында, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Сарыағаш және Мақтаарал аудандарында ұйымдастырылған. Олардыӊ барлығы 2003 жылы ақпан айында Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ қамқорлығымен Қазақстандық тәжік мәдени-қоғамдық бірлестіктерініӊ "Сомониён" ассоциациясы болып бірігіп тіркелді.

1994 жылдыӊ 19 ақпанында Оӊтүстік Қазақстан облысында марқұм Жахонгир Давроновтыӊ тікелей күшімен "Пандж" атты тәжік ұлттық мәдени орталығы алғаш ашылған болатын. Мақтаарал ауданыныӊ басшылары тәжік орталығына әртүрлі жиындар мен көмек қорлары үшін 38 гектар жер бөліп берген еді. Жахонгир Давронов Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ және Жоғары кеӊесініӊ мүшесі болды. Бүгінде "Пандж" тәжік орталығын Акабай Худойкулов басқарады.

Қазіргі кезде Сарыағаш ауданындағы Тәжік мәдени орталығын Урунбай Эсенбоев, Шымкент қаласындағы тәжік мәдени орталығын Рахимходжа Фазиев, Жамбыл облысында Арифов Махкам, Алматы қаласында "Авицена" орталығын Бекпулат Ташпулатов, Астана қаласында Зафар Рахманбеков, Қостанай қаласында Эргашбай Холматов, Петропавл қаласындағыны Яхехаджа Исмаилов басқарады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны