11.10.2016, 14:38 4581

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Ұлы дала ұландары" облыстық туристік жарысы өтті

Қатысушылар 5 күн бойы далалық жағдайда шатырда түнеп, асты отқа дайындады. Сонымен бірге, іс-шара кезінде оқушылар "Бағытты көзбен анықтау", "Жартасқа өрмелеу", "Қорытынды туристік бағыт", "Капитандар", "Эмблема", "Индер" сайыстарына қатысты.

Шымкент. 11 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында "Облыстық жас туристер станциясы" мекемесініӊ ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған "Ұлы Дала Ұландары" ашық облыстық туристік жарысы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Төлеби ауданы Біркөлік шатқалында орналасқан "Тау барысы" туристік лагерінде өткізілген шараға Кентау, Түркістан, Арыс, Сайрам, Төлеби, Түлкібас, Созақ, Мақтаарал, Шардара, Қазығұрт, Отырар, Сарыағаш, Бәйдібек және Арыс қалалық, аудандық жас туристер станцияларынан 17 топ, Сарыағаш ауданындағы "Самал", Түркістандағы "Хамза" мектептерінен 4 топ және Шымкент қаласы мектептерінен 18 топ, жалпы саны 252 оқушы, 73 жетекші қатысты.

Қатысушылар 5 күн бойы далалық жағдайда шатырда түнеп, асты отқа дайындады. Сонымен бірге, іс-шара кезінде оқушылар "Бағытты көзбен анықтау", "Жартасқа өрмелеу", "Қорытынды туристік бағыт", "Капитандар", "Эмблема", "Индер" сайыстарына қатысты.

Осылайша, қалалық, аудандық жас туристер станциясы топтары арасынан жарыстыӊ жалпытоптық қорытындысы бойынша І орынды Сайрам аудандық жас туристер станциясы жеӊіп алса, ІІ орын Түркістан қалалық жас туристер станциясына берілді. Ал жүлделі ІІІ орынға Отырар аудандық жас туристер станциясы лайықты деп танылды.

Қала мектептері топтары арасынан жарыстыӊ жалпытоптық қорытындысы бойынша І орынға Шымкенттегі №55 мектеп ие болса, ІІ орын №27 мектепке бұйырды. Ал ІІІ орынға №28 мектеп лайықты деп танылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны