18.03.2018, 18:31 4118

Оӊтүстік Қазақстан облысында Ұлыстыӊ ұлы күні киелі Қазығұрттан басталады

Оӊтүстік Қазақстан облысында биыл Наурыз мерекесі киелі Қазығұрт тауыныӊ бөктерінде аталып өтіледі. Мерекелік шара 21 наурыз күні өтетін болады

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында биыл Наурыз мерекесі киелі Қазығұрт тауыныӊ бөктерінде аталып өтіледі. Мерекелік шара 21 наурыз күні өтетін болады. Бүгін бұл туралы ОҚО өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарушы Асылхан Темірхан мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, "Наурыз - Қазығұрттан басталады" мерекелік іс-шарасы аясында театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, мерекелік концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.

"Қазығұрттағы мереке күні тау бөктерінде кеме тектес сахна қойылады. 40 шақты киіз үй орнату жоспарланып отыр. Өӊірдегі өнер майталмандары ел алдында ән мен биден шашу шашады. Сондай-ақ, қолөнер шеберлерініӊ өнімдері мен ұлттық тағамдардыӊ көрмесі өтеді. Ұлттық спорттық ойындар бойынша түрлі жарыстарда қатысушылар бақ сынайды. Салт-дәстүрге арналған қойылымдар қонақтарға мерекелік көӊіл сыйлайтын болады", - деді Асылхан Темірханұлы.

Бұдан бөлек, 19-21 наурыз аралығында облыстағы барлық қала, аудандарда "Жыл арқауы - жыл басы Наурыз", "Қош келдіӊ, әз - Наурыз!", "100 кітап" сынды сурет көрмелері мен жас ақындар айтыстары өтеді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында Қошқар Ата өзенініӊ бастауында "Қошқар-Ата Сейілі" атты көктем фестивалі ұйымдастырылып, Наурыз мерекесіне орай Зообақтыӊ маусымдық ашылуы болады.

Мерекелік шара 22 наурыз күні Шымкент қалсындағы Наурыз алаӊында "Наурыз көктем - Шымқала!" мерекелік іс-шарасымен жалғасады. Онда жұрт "Наурыз-думан" мерекелік шеруін тамашалайды. Сондай-ақ, Қазақстан эстрада жұлдыздарыныӊ қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Ұлттық спорт түрлерінен ойындар көрсетіліп, шара соӊы мерекелік отшашумен аяқталады.

23 наурыз күні Ұлыстыӊ Ұлы күні мерекесіне орай облыс орталығында кітап фестивалі мен республикалық "Наурыз" ақындар айтысы ұйымдастырылады.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны