13.09.2006, 15:38 2870

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 54-ке жетті; тағы бір бүлдіршіннің анасынан індет вирусы анықталды

ШЫМКЕНТ. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 54-ке жетті; тағы бір бүлдіршіннің анасынан індет вирусы анықталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мұқан Сағындықов журналистерге хабарлады.

"Бүгінде облыста ВИЧ індетін жұқтырған 54 бала тіркеліп отыр. Сондай-ақ, бір баланың анасы тағы да дерт жұқтырғаны анықталды",- деді М.Сағындықов.

Оның айтуынша, әйел Оңтүстік Қазақстан облысына Өзбекстаннан келген. "2005-жылы ол біздің облысқа Алмалықтан көшіп келген. Изірге Қазақстан азаматы болып табылмайды",- деді ол. Оның айтуынша, "2005-жылы Алмалықта туған бұл әйелдің баласынан ВИЧ індеті алғашқылардың бірі болып анықталған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны