05.10.2006, 13:17 3299

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 75-ке жетті

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 75-ке жетті

ШЫМКЕНТ. 5-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 75-ке жетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-пен күрес орталығының бас дәрігерінің орынбасары Корчи Курбанов хабарлады.

"Бүгін біз СПИД орталығының республикалық зертханасынан тағы үш баладан ВИЧ індетін анықталғаны жөнінде хабар алдық",- деді К.Курбанов. - Менің білуімше, республикалық зертханада тағы бір сынама тексеріліп жатыр".

Ал бұған дейінгі мәліметке сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 72 болған. 6 бала қайтыс болды. 8 әйелден вирус анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны