18.07.2008, 17:58 2854

Оңтүстік Қазақстан облысындағы алты университет 59 жетім балаға грант бөлді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы алты университет 59 жетім балаға грант бөлді

Шымкент. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысындағы алты университет биыл мектеп бітірген 59 жетім балаға грант бөлді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Ишімов 59 жетім түлекке оқуға жолдама берді. Биыл барлығы 190 жетім бала мектеп бітіргендігі рәсім барысында айтылды. Жүзден астам түлек оқуды колледждерде жалғастыруға ниет білдірген.

Жергілікті жоғары оқу орындарында жетім балаларға грант бөлу тәжірибесі 2004 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны