31.10.2016, 16:17 6508

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Астана және Қазақстан митрополитімен кездесті

Кеше Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев облысқа іс-сапармен келген Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 31 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев облысқа іс-сапармен келген Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында діни қызмет, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты одан әрі жақсарту мәселелері талқыланды.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесу барысында дін саласындағы тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтыӊ рөлін ерекше атап өтіп, бірде-бір мемлекетте теӊдесі жоқ ұлтаралық келісімніӊ бірегей институты - Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ құрылуында Елбасыныӊ еӊбегі зор екенін жеткізді. Өз кезегінде, өӊір басшысы діни бірлестіктердіӊ, әсіресе, Орыс православ шіркеуініӊ бейбітшілік пен келісімді сақтауда, бір-біріне түсінікпен қарауда және өзара іс-қимылдардағы рөлін айта келіп, Оӊтүстік Қазақстан облысында діни бірлестіктердіӊ бірлесе қызмет жасаудыӊ дәстүрі қалыптасқанын айтты.

Ж.Түймебаев, бұл ретте ел Президентініӊ бастамасымен жүргізіліп жатқан көптеген бейбітсүйгіш үлкен жұмыстардыӊ, әсіресе, Қазақстанда өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ съездерініӊ оӊды нәтижесі екенін жеткізді.

Сонымен қатар, кездесу барысында Орыс шіркеуініӊ Оӊтүстік өӊірі атынан Шымкент және Тараз епархиясыныӊ архиепископі Елевферий сөз сөйлеп, тұрақтылықты қамтамасыз ету мен конфессияаралық қарым-қатынастарды орнатудағы бірлескен жұмыстарда табыстар тіледі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму" атты 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына жолдауында ел бірлігі туралы:

"Жаӊа 2016 жылдан Ұлт жоспары шеӊберінде қабылданған жаӊа заӊдар жұмыс істей бастайды. Бүгін мен экономикамызды, мемлекетіміз бен қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаӊа шаралар туралы хабарладым. Барлығымыздыӊ мойнымызда еліміздіӊ болашағы үшін орасан зор жауапкершілік жатыр. Алдымызда қиын жұмыстар күтіп тұр. Мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барлық азаматтарды Отанымыздыӊ игілігі жолындағы ортақ іске бір жағадан бас, бір жеӊнен қол шығара отырып жұмылып, аталған Жолдауды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырамын.

Келе жатқан күрделі кезеӊ біз үшін еӊсеру кезеӊі болады. Біз жаӊа жаһандық дағдарысты міндетті түрде жеӊеміз. Бұл үшін бізде біртұтас ерік-жігер, халық бірлігініӊ берік дәстүрлері бар. Біз Қазақстанымызды дамудыӊ жаӊа шептеріне шығаратын боламыз!

Қымбатты қазақстандықтар! Дағдарыстардыӊ бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәӊгі. Мен айтып өткенніӊ барлығы жеӊуге болатын, біз жеӊе алатын бөгеттер. Біз көлденеӊ шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдіӊ қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз.

Рухы биік, еӊбегі ерен, бірлігі мығым Мәӊгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктіӊ туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздіӊ тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздіӊ тірегіміз - тәуелсіздік, тілегіміз - тұрақтылық, білегіміз - бірлік!",- деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны