25.10.2016, 08:15 2806

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі құрылысы жүріп жатқан білім ошақтарымен танысты

Айта кету керек, облыс бойынша 63 мектептіӊ іргетасы қалануда. Оныӊ 37-і бүгінгі күнге дейін пайдалануға берілсе, жыл соӊына дейін тағы да бірқатар нысандар ел игіліне тапсырылады деп күтілуде.

Шымкент. 25 қазан. KazakhstanToday - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынып жатқан мектептіӊ құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Еӊ алдымен, аймақ басшысы "Ақжайық" шағын ауданындағы №59 жалпы орта мектептіӊ қосымша құрылысын аралап көрді. 600 орындық білім ошағы жоспар бойынша 2017 жылы пайдалануға беріледі. Мұнан соӊ, Жансейіт Қансейітұлы бастаған жұмысшы топ "Қайнар-бұлақ" саяжайындағы 1200 орындық мектептіӊ құрылысымен танысты.

Нысанныӊ сапасын қадағалаған аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтап, онда қолданылатын құрылыс заттарыныӊ баланыӊ денсаулығына зиянсыз болуы қажеттігін ескертті. Сонымен бірге, әкім өӊірімізде әлеуметтік нысандарды салу жұмыстарына кәсіпкерлерді көптеп тартып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту керектігіне тоқталды. Жекеменшік ғимараттары бар азаматтарға "Балапан" бағдарламасыныӊ екінші деӊгейі бойынша шағын балабақшалар ашуға мүмкіндік жасау керектігін айтты.

Айта кету керек, облыс бойынша 63 мектептіӊ іргетасы қалануда. Оныӊ 37-і бүгінгі күнге дейін пайдалануға берілсе, жыл соӊына дейін тағы да бірқатар нысандар ел игіліне тапсырылады деп күтілуде. Нысандардыӊ басым бөлігі, Сайрам, Шымкент, Мақтарал және Қазығұрт аудандарынан бой көтеруде. Ал "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Оӊтүстік Қазақстан облысында бес мектептіӊ құрылысы жүруде. Оныӊ төртеуі 1200 орындық білім ошағы болса, біреуі 600 балаға шақталған жалпы мектеп болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны