26.09.2016, 11:27 4479

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі шымкенттіктерді қала күнімен құттықтады

Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ Шымкентті үшінші мегаполиске айналдыру туралы нақты тапсырмасы бар. Сондықтан Шымкенттіктер Елбасымыздыӊ қамқорлығын үнемі сезініп келеді",- деп атап өтті облыс басшысы.

Шымкент. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұлов шымкенттіктерді қала күнімен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөқз қызметі.

"Қадірлі Шымкенттіктер және қала қонақтары! Ескі мен жаӊаны үндестірген Шымкент шаһарымыздыӊ бүгін атаулы мерекесі. Тарихтыӊ талай сәттеріне куә қаламыз бүгінде тағы бір жасқа есейді. Сіздерді қала күнімен шын жүректен құттықтаймын",-деді облыс әкімі өз құттықтауында.

"Шымкент шежіресі көне, саяси экономикалық беделі - жас қала. Олай дейтінім, сүрленген тарихы тереӊ қаланыӊ бүгінде заманауи келбеті қалыптасуда. Пайда болғанына 2200 жыл өтсе де, бұл шаһар жыл сайын түлеп-түрленіп, өзініӊ жаӊа қырларын танытып, әр таӊ сайын жаӊа белестерге ұмтылған әрі көне әрі жас балаусадай қала. Қаламыз Еуразияныӊ кіндігінен орын тепкен, бүкіл әлемге әйгілі Астанаға қарап бой түзеп, жаӊару, өзгеру, жаӊа белеске бой алдыру кезеӊіне қадам басты",- деді Б.Атамқұлов.

Өӊір басшысыныӊ пікірінше, Шымкент - Қазақстан қалаларыныӊ ішіндегі өзініӊ алабөтен орны бар шырайлы шаһар.

"Біздіӊ табанымыз тиіп тұрған бұл қаланыӊ топырағы - киелі, ауасы - қасиетті, суы - қастерлі, жұрты - берекелі. Оныӊ өз көӊіл-күйі, ерекше болмыс-бітімі бар. Өзіне ғана тән мінезі, тыныс-тіршілігі мен айрықша келбет-дидары бар. Шымкент - мәдени келбеті көрік қала. Қазақтыӊ қаймағы бұзылмаған, салт-дәстүрді ерекше құрметтейтін құт қонған мекен. Көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерініӊ тағдырлары тоғысқан тұғырлы қала",- деді ол.

Бұл қала - ертеден Ұлы Жібек жолыныӊ бойындағы мәдениет, сауда мен қолөнердіӊ ірі орталықтарыныӊ бірі болды. Талай керуендер келіп, алыс-жақын елдер қызу сауда жасасқан. Шуақты шаһарда талай ғылыми еӊбектер жазылып, керемет өнер туындылары дүниеге келген. Талай тағдырларды тоғыстырған, небір жарқын идеялар мен алаулы армандарға дем берген құнарлы мекен.

Бүгін де Шымқаламыз сол потенциалды жоғалтқан жоқ, деді облыс басшысы.

"Бүгінде қаланыӊ жаӊаша келбетіне сай, тарих толқынынан сыр шертетін түрлі ескерткіштер мен монументтер, саябақтар мен демалыс аймақтарынан қоғамдық нысандар салынуда,- деп атап өткен облыс әкімі "келер ұрпаққа өткеннен дерек беретін мұндай тарихи тірліктерді дамытуды қазір бекем қолға алдық",- деп сөзін одан әрі сабақтады.

"Қадірлі жерлестер! Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ Шымкентті үшінші мегаполиске айналдыру туралы нақты тапсырмасы бар. Сондықтан Шымкенттіктер Елбасымыздыӊ қамқорлығын үнемі сезініп келеді",- деп атап өтті облыс басшысы. "Тарихтыӊ талай сәттеріне куә болған жарық шаһарымыз күннен күнге дами берсін, өркендей берсін, өрлей берсін! Жасыл қала ғана емес-ғасыр қалаға айналған Шымкентіміз жасай берсін,- деп тіледі облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны