31.10.2016, 15:37 7222

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Арыс қаласында "Алтын күз - 2016" және "Қала күні" мерекелері атап өтілді

Сондай-ақ Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арналған қалалық "Мәдениетім мақтанышым" өнер фестивалінде қала, ауыл өнерпаздары өздерініӊ концерттік бағдарламалары мен көрмелерін халыққа ұсынған болатын.

Шымкент. 31 қазан. Kazakhstan Today - Еліміздегі айшықты оқиғаныӊ бірі еселі еӊбек еткен дала еӊбеккерлерініӊ күні. Жыл сайын күзде шаруалардыӊ ала жаздай еткен еӊбегініӊ жемісін айшықтайтын "Алтын күз" мерекесі тойланып, диқандар қошеметке бөленеді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Осынау "Алтын күз - 2016" және "Қала күні" мерейлі мерекесін арыстықтар салтанатты түрде атап өтті.

Қос мереке аясында ауыл шаруашылығы жәрмеӊкесі ұйымдастырылып, өнімдер тұрғындарға нарық бағасынан 20-30 пайызға төмен бағада ұсынылды.

Мерекелік шараға қатысқан қала әкімі М.Қадырбек шаруалардыӊ өндірген өнімдерімен танысып, тұтынушылармен жүздесті. Аталған жәрмеӊкеде ақшаӊқан киіз үйлер тігіліп, ауыл еӊбеккерлері өндірген өнімдерден ұлттық тағамдар әзірленді.

Жәрмеӊке қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиынға жалғасты. Салтанатты шара барысында шаһар басшысы Мұрат Болатұлы мерекеге орай тұрғындарға ізгі тілегін білдіріп, Елбасыныӊ тапсырмаларымен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда, қаламыздыӊ жаӊарып, гүлденуіне, әлеуметтік экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарға "Арыс қаласыныӊ Құрметті азаматы", Тәуелсіз Қазақстанныӊ 25 жылдығын толағай табыстармен қарсы алып, еліміздіӊ ен байлығын тасқындатуға ерен еӊбектіӊ үлгісін көрсеткен дала еӊбеккерлеріне "Еӊбек даӊқы" белгісімен, Алғыс хат және Құрмет грамотасымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде жоғары нәтиже көрсеткені үшін "Алтын күз-2016" жеӊімпазы Монтайтас ауылдық округі әкімдігіне "Нива" автокөлігініӊ кілті салтанатты жағдайда табыс етілді.

Сондай-ақ Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арналған қалалық "Мәдениетім мақтанышым" өнер фестивалінде қала, ауыл өнерпаздары өздерініӊ концерттік бағдарламалары мен көрмелерін халыққа ұсынған болатын.

Қос мерекеніӊ қуанышты сәтінде "Мәдениетім мақтанышым" өнер фестивалініӊ Бас жүлде иегері Жиделі ауылдық округі атанып, өнерпаздарға "Гранта" автокөлігініӊ кілті табысталды.

Арыс аспанын әнге бөлеген мереке одан әрі концерттік бағдарламаға ұласып, қаламыздыӊ әншілері жиналған қауымға өнер көрсетіп, ән-биден шашу шашты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны