30.01.2008, 17:44 2548

Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесінде былтыр балалар арасындағы ВИЧ індетінің ошағын жоюға басымдық берілді - Дудник

Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесінде былтыр балалар арасындағы ВИЧ індетінің ошағын жоюға басымдық берілді. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің директоры Вячеслав Дудник мәлімдеді , деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Астана. 30 қаңтар. Қазақстан Бүгін - Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесінде былтыр балалар арасындағы ВИЧ індетінің ошағын жоюға басымдық берілді. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің директоры Вячеслав Дудник мәлімдеді , деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазіргі жағдаймен 2005 жылдың аяғы мен 2006 жылдың қыркйүек айына дейін емдеу мекемелерінде емделген кезде ВИЧ індетін жұқтырған 145 бала мен 17 әйел анықталды. 2006 жылдың 1-ші қазанынан кейін қосымша ауру жұқтыру деректері анықталған жоқ", - деді В. Дудник.

"Облыстық денсаулық сақтау департаменті ауырған балаларды анықтау, оларды емдеу, қан қызметі жүйесінде тәртіп орнату, СПИД қызметін күшейту және денсаулық сақтау ұйымдарымен жұмыстар жүргізу секілді бірнеше бағытта іс атқарды",- деді ол.

"ВИЧ індетін шоғырландыру, облыстағы санитарлық-клиникалық ахуалды тұрақтандыру үшін облыста барлық медициналық ұйымдар бір рет қолданылатын медициналық бұйымдармен толық қамтамасыз етілді. 109 млн теңгеге 364 дана стерилизациялық жабдық сатып алынды. Қан жинау қызметінің жұмысы қайта құрылып, қанды дайындау, сақтау және беру жұмыстарын жүзеге асыру орталықтандырылды", - деді департамент төрағасы.

"Қазіргі жағдаймен облыста плазма қоры 1,5 тоннадан асады. Қан орталығына арналып жоғары технологиялық жабдықтар, сапалы тест-жүйелері сатып алынып, донорға қатысты мәліметтер базасының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі орнатылды. Қан қызметін жабдықтауға 118 млн теңге бөлінді. Тәуекел тобындағы жоспарды зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасуда", -деді В.Дудник.

Өткен жылы 373 мың адам (бұл Оңтүстік Қазақстан облысы халқының 16%), соның ішінде 80 мың бала, 14 мың медицина саласының қызметкері, 17 мың донор, 2,5 мың реципиент пен 142 мың екіқабат әйел тексеруден өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны