01.11.2016, 18:14 3824

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Қайнар елді мекенінде 80 орындық жеке меншік балабақша ашылды

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданы Сызған ауылдық округіне қарасты Қайнар елді мекенінде 80 орындық жеке меншік балабақша ашылды,- деп хабарлайды Созақ ауданы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 1 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданы Сызған ауылдық округіне қарасты Қайнар елді мекенінде 80 орындық жеке меншік балабақша ашылды,- деп хабарлайды Созақ ауданы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығы қарсаӊында пайдалануға беріліп отырған "Ерасыл" балабақшасыныӊ ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі М. Исаев: - Биылғы жылы аудан бойынша 6 балабақша аштық, міне, 7 балабақша ел игілігіне беріліп отыр, жыл соӊына дейін тағы бірнеше балабақша ашамыз. Мұныӊ бәрі Тәуелсіздіктіӊ арқасында қол жеткізіп отырғандығымызды айта кету керек, - деп барша Қайнар елді мекенініӊ тұрғындарын құттықтады.

Аудандық мәслихаттыӊ депутаты Г. Момбекова жерлестерін жаӊа балабақшаныӊ ашылуымен құттықтап, жеке кәсіпкер Б. Алғазиевке алғысын айтты. Сондай-ақ, ауыл қариясы Ж. Жотабаев бата беріп, балабақша іші балалар күлкісіне толсын деген жүрекжарды лебізін білдірді.

"Балапан" бағдарламасы аясында ашылып отырған "Ерасыл" балабақшасында қазіргі таӊда 6 адам жұмыспен қамтылды.

"Мектепке дейінгі білім беру ісінде мол тәжірибесі бар әдіскер және тәрбиеші, күтуші, медбике, аспазшы секілді қызметкерлер өз қызметтеріне кірісті. Жауапкершілігі мол, белсенділі, елді мекен тұрғындарын жұмыспен қамтуға тырыстым", - дейді жеке кәсіпкер Б. Алғазиев.

Алдағы уақыттары 3 топ ашылып 22 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. 315 шаршы метр ғимарат ішінде, балдардыӊ демалыс бөлмесі, оқу және ойын бөлмелері, сондай-ақ, медбике кабинетімен асханасы бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны